Мінсіз мүсінді бойжеткен оқтай түзу аяқтарымен көпті ғашық етті
Опубликовано:
Норвегиялық фитнес-модель желі қолданушыларын өзінің дене сымбатымен тәнті етті. Қалың көпшілік әсіресе оның аяқтарының ұзындығына таңғалуда деп хабарлайды rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ия Остергреннің бойы - 178 см болса, аяғының ұзындығы - 108 см.

Модельдің бойы бұрыннан бері ұзын болған. Алайда ол дене сымбатын тек жақын арада ғана ретке келтіргенін жасырмады.

Интернет желісіне тіпті, бұрынғы мен қазіргі қалпының суреттерін жүктеуден де жасқанбайтын көрінеді.

Оның айтуынша, бұрындары ол өз аяқтарын нағыз кемшілік деп санаған.

Мұндай дене сымбатына жету үшін Ия көп еңбектенген. Ол ұзақ уақыт бойы спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтану тәртібін ұстаныпты.

2013 жылы Ия бодибилдингтен Швеция чемпионы атанған Торбьерн Остергренге тұрмысқа шықты. Жас жұбайлардың қазір екі балалары бар.

Жүктілік кезінде Ия қатты тола қоймаған. Оған себеп дұрыс тамақтану болса керек. Соның арқасында босанғаннан кейін де өзінің қалыпты формасына тез келіп алды.

"Бұрынғы дене бітімім өлексе іспеттес болған. Қазір мен өз денемді шынымен де жақсы көремін. Мұндай өзгерістерге жетуімнің бірден-бір себепкері – жолдасым. Соның арқасында ғана осындай үлкен жетістікке жеттім",- деп ағынан жарылды фитнес-модель.,

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1721290-minsiz-msindi-bojzetken-oktaj-tzu-aaktarymen-kpti-gasyk-etti/