40 жасында ана атанған әйгілі жұлдыздар кімдер?
Жарияланған күні:
Бүгінгі күні 40 жастан асқаннан кейн, ана атану жұлдыздар арасында кең қанат жайған. Олар жүктілігінің қалай өткені мен ана бақытының қандай болатынын жасырмай айтты. Олай болса, 40 жасында бала сүйген жұлдызды аналар тізімін bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

1. Моника Белуччи

Моника Белуччи денсаулығы мүмкіндік берген жағдайда, балаларын одан да кеш туатынын айтты. Өзінің үлкен қызы Деваны итальян актрисасы 39 жасында туса, кіші қызы Леониді 45 жасында босанған. Сонымен қатар, актриса екінші жүктілігі біріншіден қарағанда жеңілдірек өткенін жасырмады. Оның айтуынша, өзі босана алмағанын жағдайда суррогат аналарға жүгінбекші болған.

2. Холли Берри

Холли Берри Налу атты қызын 42 жасында туған. Жасының үлкен екендігіне қарамастан, жүктілік кезінде өзін тамаша сезінсе керек. Араға 5 жыл сала, 47 жасында ол екінші мәрте ана атанды. Дүниеге Масео-Роберт атты ұл бала келді. Оның үстіне актриса екінші рет ана болу жоспарында болмағанын айтады. Алайда, тағдырдың бұл сыйына ол әлі де ризашылық білдіруде.

3. Николь Кидман

Николь үшін жүктілік нағыз күтпеген жағдай болды. Актриса жылдар бойы бала көтере алмай, түрлі емханаларды мекен етіп жүрді. Алайда, 40 жасқа толған кезінде Николь күйеуі Кит Урбанға Сандэй Роуз есімді қыз сыйлады. Бұдан кейін танымал актриса бала көтере алмаған. 2012 жылы күйеуі екеуі суррогат ананың көмегіне жүгінді.

4. Сальма Хайек

Сальма Хайек алғаш рет 41 жасында ана атанды. 2007 жылы оның сүйіктісі француз бизнесмені Франсуа-Анри Пино, Валентина Палома есімді қыздың әкесі атанды. Сальманың жағдайында, жүктілік ауыр өткен. Жиналған артық салмақ оған кері әсер етіп қана қоймай, өзіне деген сенімділігін бәсеңдетіп жіберді. Алайда, артық 23 келіні Сальма тез арада жойып тастаған. Қазір жұлдызды ананың дене сымбатты көз жауын алады.

5. Мэрайя Кэри

Мэрайя Кэри де 41 жасында алғаш рет балалы болды. Алайда ол бірден екі сәбидің анасы атанды. Атақты әнші Мароккан есімді ұл бала мен Монро атты қызды дүниеге әкелді. Мэрайяның жүктілігі аса ауыр формада өткен. Егіз баласын барынша қамтамасыз ететін әнші, енді бала туғысы жоқ екенін айтты.

6. Селин Дион

Селин Дионнің алғашқы жүктілігі жеңіл түрде өтті. Алайда, екінші мәрте бала көтеру үшін, ол біраз тер төккен көрінеді. Әнші алғашқы сәбилерін 42 жасында дүниеге әкелді. Дәрігерлер екінші жүктілікке қарсы болып, үлкен қауіп төніп тұрғанын ескерткен. Оған көнбеген Селин дегеніне жетіп, айтылған барлық нұсқауларды ұстанды. Нәтижесінде екі баласын дін-аман босанды.

7. Ума Турман

Ума Турман өзінің үшінші баласын 42 жасында босанды. Розалинд Арушу Аркадину Алталун Флоренс Турман-Бюссон ұзақ есімді қызды босану актрисаға үлкен ауыртпашылық әкелді. Сәбиін дүниеге әкелгеннен кейін де, Ума ұзақ уақыт бойы емделген.

8. Джулианна Мур

Джулианна Мур өз тұнғышы Калебті 37 жасында туған. Ал актриса 42-ге келгенде Лив Хелен есімді қыз дүние есігін ашты. Бала сүюді қатты аңсаған Джулианна бүгінгі күні бақытты анаға айналды.

9. Гвен Стефани

Гвен Стефани 43 жасында үшінші мәрте жүкті болып, әлемге Аполло есімді батырды сыйлады. Ол кезде әншінің Аполлодан бөлек екі ұлы болған. Бастыпқыда ауыр өткен жүктілік уақыт өте келе жеңілдей түсті.

10. Линда Евангелиста

Бұл тізімді қорытындылайтын танымал модель – Линда Евангелиста. Ол өзінің ұлын 42 жасында босанды. Баласының аты – Августин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1721739-40-zasynda-ana-atangan-jgili-zldyzdar-kimder/