Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туған күнге арналған ерекше тілектер

Опубликовано:

Туған күн - әр адам өміріндегі қуанышқа толы сәт. Оған жан-жақтан жаудырылған ізгі тілектер мен күтпеген тосын сыйлар куә болса керек. Алайда, осы аса бір ерекше күнде, жақындарымызға тілекті әсерлі қылып жеткізе алмай жатамыз. Осы орайда, назарларыңызға ең үздік тілектер жиынтығын NUR.KZ ұсынады.

Туған күнге ерекше тілектер. Фото: Интернет
Туған күнге ерекше тілектер. Фото: Интернет: UGC

1. Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын,

шаңырағыңызға ырыс байлығын,

жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын,

көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.

Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан  танбай,

табыстан табысқа жете беріңіз.

Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын!

Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып,

өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз.

Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып,

аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!

2. Бірінші – ұзақ жасты өмірлі бол,

Екінші-тіл мен көзден аман бол,

Үшінші-берекелі, беделді бол,

Төртінші-арыстандай айбатты бол,

Бесінші-ақылды, қайратты бол.

Алтыншы – өнерлі бол.

3. Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір сәт тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды – оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді – олардың жұлдызы бірсе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын ізгі жандар болса керек. Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1722174-tugan-knge-arnalgan-erekse-tilekter/

pixel