Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мектептің жаны – мұғалім": ұстаздар туралы әйгілі тұлғалардың нақыл сөздері

Жарияланған күні:

Оқушыларға сабақ үйретіп отырған ұстаз. Көрнекі сурет
Оқушыларға сабақ үйретіп отырған ұстаз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұстаз - әр адамның өміріндегі ең маңызды тұлғалардың бірі. Өмірде өз жолыңды тауып, адам ретінде қалыптасу үшін, ұстаздардың алар орны ерекше. Осығын орай, назарларыңызға ұстаздар туралы нақыл сөздердің топтамасын ұсынамыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақалада әйгілі тұлғалардың мұғалімдер туралы нақыл сөздері жинақталған.
  • Орыс ойшылдары, ежелгі ойшылдар және қазақ жазушылары ұстаздардың маңыздылығы мен олардың қоғамдағы рөлі туралы ой-пікірлерін білдірген.
  • Көптеген дәйексөздерде мұғалімдердің білімділігі, адалдығы, шәкірттерге деген сүйіспеншілігі және олардың тәрбиелеу қабілеті атап өтілген.

Ұстаздар жайлы орыс ойшылдардың нақыл сөздері

***

Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек.

В. Маяковский

***

Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек.

В. Ключевский

***

Мұғалім - зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.

К. Ушинский

***

Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді,басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі.

В. Ключевский

***

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі.

К. Ушинский

***

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.

Л. Толстой

***

Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең,құр қаталдықтан түк те шықпайды.

А.Чехов

***

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В. Сухомлинский

***

Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де, шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол - кемел ұстаз.

Л. Толстой

***

Мұғалімнің бүкіл мақтанышы - шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде.

Д. Менделеев

***

Мұғалімнің ең жауапты міндет орындайды - ол адамды қалыптастырады.

М. Калинин

***

Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында: не естіп, не оқысам да, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді,ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен. Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне өздеріне шәкірттер тауып,оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады.

Ян Амос Коменский

***

Педагог - жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам.

А. Луначарский

***

Тәрбиелеушінің өзі-ақылдың, үлкен ұстамдылықтың, мейірімділіктің, биік адамгершілік көзқарастың иесі болуға тиіс.

М. Драгоманов

***

Мұғалім, егер ол адал болса,әрқашан зейінді шәкірт те болуға тиіс.

М. Горький

Тақта алдындағы ұстаз. Көрнекі сурет
Тақта алдындағы ұстаз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұстаздар жайлы ежелгі ойшылдардың нақыл сөздері

***

Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды үйреткісі келетін кісі уақытты босқа шығындайды.

Демокрит

***

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңыздыөақ.бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп,не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер,міне,осынысымен бағаланады.

Цицерон

***

Шәкірт болып көрмеген,ұстаз болып жарытпас.

Боэций

***

Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді.

Адольф Дистервег

***

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.

Сенека

***

Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Жан-Жак Руссо

***

Ұстаз… Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Әбу-Насыр-әл-Фараби

***

Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуы керек...

Дени Дидро

***

Уақыт ағымынан үйренбегендi ешқандай ұстаз үйрете алмайды.

Әбул-Хасан Рудаки

***

Өзінің ұстазынан асып түсуге талпынбаған шәкірт-бейшара.

Леонардо Да Винчи

***

Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі - топастық, екіншісі - жалқаулық.

Платон

***

Тәрбиешіге үйреткеннен бұйрық беру әлдеқайда жеңіл.

Д. Локк

***

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.

А. Македонский

***

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Уильям Уорд, ағылшын ағартушысы

***

Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлейді, рух үшін оны біздің мұғалімдеріміз әзірлейді.

Г. Лихтенберг

Сөмке ұстаған ұстаз. Көрнекі сурет
Сөмке ұстаған ұстаз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақ жазушыларының ұстаз жайлы қанатты сөздері

***

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

А. Құнанбайұлы

***

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі.

Ы. Алтынсарин

***

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.

А. Құнанбайұлы

***

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.

Ғ. Мүсірепов

***

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.

М. Ғабдуллин

***

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.

С. Қожамқұлов

***

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

А. Байтұрсынов

***

Тақтада сабақ түсіндіріп тұрған мұғалім. Көрнекі сурет
Тақтада сабақ түсіндіріп тұрған мұғалім. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

М. Жұмабаев

***

Ұстаз – ұлы есім

М. Әуезов

***

Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет

Б. Момышұлы

***

Мектеп - кеме, білім теңіз.

Қ. Аманжолов

***

Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан-тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек.

Ә. Тәжібаев

***

Мұғалім деген ат - қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.

С. Мұқанов

***

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Ы. Алтынсарин

***

Қайратсыз ашу - тұл,

Тұрлаусыз ғашық - тұл.

Шәкіртсіз ғалым - тұл.

А. Құнанбайұлы

***

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1722181-stazdar-turaly-nakyl-szder/