Мектепті бітіру кешіне жігітінің інісін ертіп апарған қыз елді сүйсіндірді
Опубликовано:
Жаңа Орлеан тұрғыны Скайлар Фонтен өзінің мектеп бітіру кешіне жұбы ретінде жігітінің екі жасар інісін ертіп апарған. Оның бұл қадамына сүйіктісі Гейдж Моактің теңіз флотында әскери борышын өтеп жатқаны себепші болды деп хабарлайды yahoo.com-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жаңа Орлеандық мектеп түлегі өзінің білім ордасын тәмамдау кешіне барлығы сияқты өз сүйіктісімен келуді армандады. Алайда, 19 жастағы Гейдж Моак Скайлардың арманын оқуына байланысты іске асырамаған көрінеді.

Алайда, сүйіктісінің теңіз флотында борышын өтеп жатқанына үлкен түсіністікпен қараған Скайлар, бұл мәселеден шығудың оңтайлы шешімін тапқан.

Ол мектеп бітіру кешіне өз жұбы ретінде Гейджтің екі жасар інісін алып барды. Оған қоса, өзі үшін аса бір ерекше кеште інісін тура Гейдж секілді киіндіріп қойған.

Мектеп бітіру кешінде кішкентай Гейджпен істелген суреттер желіге тез тарап кетіп, елдің жылы ықыласына ие болды. Интернет қолданушылар қыздың мұндай қылығы мен інісінің сүйкімділігіне тәнті болғандарын жасырмады.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1722573-mektepti-bitiru-kesine-zigitini-inisin-ertip-apargan-kyz-eldi-sjsindirdi/