Визажист танымал мультфильм кейіпкерлеріне хиджаб кигізіп қойды
Опубликовано:
Малайзия тұрғыны Сарасвати мұсылмандық үлгідегі баскиім киген мультфильм кейіпкерлерін көпшілік назарына паш етті. Оның ерекше туындылары желі қолданушылар көңілінен шықса керек деп хабарлайды korespondent.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сарасвати визаж өнеріне өздігінен үйренген. Оның образдары мультфильм кейіпкерлерінің бет-әлпетіне сүйене отырып жасалады.

Ең қызығы, Сарасвати әрбір образды міндетті түрде хиджабпен толықтырады. Өзінің бұл қылығын ол, мұсылман әйелдері туралы, қоғамда қалыптасып кеткен кері пікірлерді жоққа шығару мақсатында жасаумен түсіндіреді.

Оның жасап шығарған образдары арасынан Джессика Рэббит, Ариэль, Күлбикеш және тағы да басқа әйгілі кейіпкерлер бой көрсетеді.

Сарасвати визаж өнерімен 2008 жылы күйзеліспен күресу кезінде қызыға бастаған. Бұл саладағы оның алғашқы жұмысы Джокер кейіпкері болған.

Бүгінгі күні, визажист қыз жасап шығарған образдар саны жүзден асады.

Қажетті образға қол жеткізу үшін Сарасвати екі жарым сағат уақытын жұмсайды.

Оның Инстаграм парақшасына шамамен 400 мың адам тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1723126-vizazist-tanymal-multfilm-kejipkerlerine-hidzab-kigizip-kojdy/