Әйелдердің төсек қатынасында жіберетін бес қателігі
Жарияланған күні:
Әйел адамдар төсекте қандай қателік жібереді? Ер адамдар нәзік жандылардың түнгі өмірде қандай болған қалайтындарын айтты деп хабарлайды wmj.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Әйелдер қауымы төсек қатынасында серіктесінің қателігін байқағанымен, өзінікіне назар аудармайтын болып шықты.
Қателіктердің алғашқысы: Ұялшақтық
Аруларымыз төсекте өз денесін сүйіктісіне көрсетуге ұялатын болып шықты. Ер адамдар мұндай сәтте кеуденің кішкентайлығы мен байқалмайтын целлюлитіңізге назар аудармайтын болып шықты. Сондықтан батылырақ болыңыз.
Екіншісі: Төсек қатынасына деген селқостық
Әйелдердің көбісі бастысы төсектемін деп ойлайтын болып шықты. Алайда азаматтарға сүйіктісінің ешқандай әрекетсіз жатқаны ұнамайды. Олар да әйелдерінің сүйгенін, сыйпағанын қалайды екен. Ер адамдар қыздардан «Ұнамай қалса ше?» деген ойды ысырып тастап, төсекте белсенді болуға шақырады.
Үшінші: Үнсіздік
«Төсек қатынасына түскен сәтте барлық эмоцияңызға ерік беріңіз», - дейді мамандар. Сондай-ақ жұптардың жыныстық қатынас тақырыбында ашық сөйлескендері абзал.
Төртінші: Сылтау айту
Үнемі күйеуіне сылтау айтып, төсектен қашып жүретін әйелдер де көп ұзамай серіктесін жалықтырады екен. Егер өзіңіз де оны қалап тұрсаңыз, жасырмай айтыңыз.
Бесінші әрі ең үлкен қателік: Көрінгенмен төсекте табысу
Әйелдердің жіберетін басты қателіктері осы. Менің бақытым деп ойлап, алдымен төсекте табысатындар, уақыт өте келе өз таңдауына өкінетін болып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1724836-jelderdi-tsek-katynasynda-ziberetin-bes-kateligi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.