Қазақтардан басқа қыздарын қалыңмалға сататын кімдер? (фото)
Жарияланған күні:
Қазіргі таңда кез келген нәрсені сатып алуға болады. Кейбір мемлекеттерде тіпті қалыңдықтар саудасы кең қанат жайған. Қомақты қаражат үшін болашақ жарды таңдап беруге даяр мемлекеттер топтамасын NUR.KZ ұсынады.
Өмірлік серігіңді сатып алу үшін миллиардер болудың қажеті жоқ. Тек қана аталған мемлекеттерде болсаңыз жеткілікті.
Филиппин
Филиппин мемлекетінде жұмыссыздыққа шалдыққан қыздар тұрмысқа ақылы түрде шығуға мәжбүр болған. Олар болашақ күйеуімен міндетті түрде ұзақ жылдық келісімшартқа отырады. Оның сомасы әдетте ғарыштық көрсеткіштерге ие.
Қазіргі таңда бұл дәстүр көп қолданылмай кетті. Бірақ оны мүлдем жойылып кетті деуге де келмес.
Үндістан
Үнді халқының 85%-ы салт-дәстүрлерді қатаң түрде сақтайтын адамдар болып табылады. Осыған орай бойжеткендердің болашақ жарын міндетті түрде ата-анасы таңдап берген.
Қыздың туыстары оны неғұрлым жоғары бағаға сатуға тырысады. Кім көп мөлшерде қалың мал берсе, сол күйеубала атағына ие болмақ.
Жапония
Бұл мемлекетте әйелі мен балаларын асырау ерлер қауымының қалтасынан қатты тиеді. Жапондықтар қыруар қаржы шашпау үшін өз айла-тәсілдерін ойлап тапты. Олар қалыңдықтар агенттігін ашқан.
Қалыңдықтар жүйесі бойынша, ер адам өзіне қалыңдықты бір апта жалға ала алады. Оны қыдыртып, қажеттісін сатып алып беру - басты шарт.
Қытай
Қытай мемлекетінде алынып тасталған бір бала жүйесі ерлер қауымын артында ұрпақ ретінде ұл баланың болуын талап етуге мәжбүрледі. Сол себепті демография көрсеткіштеріне орай, 100 қызға шаққандағы ұлдар саны 120-ны құраған.
Бұл жағдай қыздары барларды үлкен мөлшердегі қалың мал талап етуге мүмкіндік береді.
Пәкістан
Бұл елдегі дәстүрлік ұстаным Үндістанға өте ұқсас болып келеді. Қыздардың қай отбасыға қалыңдық болатынын оның ата-анасы ғана шешеді.
Пәкістандық кез келген ата-ана елдегі қаржы тапшылығына қарамастан, жоғары баға талап еткенді әдетке айналдырған.
Ауғанстан
Ауғанстанда әйелдерге қатысты қарым-қатынас өте қатал. Оларды сату тіпті кішкентай кездерінен бастау алады.
Бұл елде әйелдердің таңдау тұрмақ, сөйлеу құқығы да жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1725029-kazaktardan-baska-kyzdaryn-kalymalga-satatyn-kimder-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.