Батыл қыздарға арналған ең қысқа киімдер топтамасы хитке айналды (фото)
Опубликовано:
Синоптиктердің айтуынша, ауа райы көп ұзамай жылиды. Осыған байланысты интернет дүкендерде осы жылдың ең сәнді жеңіл киімдері жарық көрді деп хабарлайды NUR.KZ.

Америкалық Pretty Little Thing маркасын көпшілік ұнатады. Тіпті Кортни Кардашьянның өзі осы бренд үшін арнайы көйлектер, комбенезондар және теріден жасалған қысқа жейделер топтамасын жасап шығарды.


Брендтің киімдері санаулы сағаттарда сатылып кетеді. Дегенмен, бірнеше күн бұрын марка сүйікті қолданушыларын ренжітіп алған секілді.


Дүкеннің сайтында стрингиге көбірек ұқсайтын, шолақ шалбар пайда болды. Твиттердегі желі қолданушылары: «Мен Pretty Little Thing маркасын ұнатамын, бірақ мынау не?», «Бұл киімді расыменде, шолақ шалбар деуге келеді ме?», - деп жазды.







Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1725270-batyl-kyzdarga-arnalgan-e-kyska-kiimder-toptamasy-hitke-ajnaldy-foto/