Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эверест құрбандары: Әлемнің ең биік нүктесін бағындырмақ болып, қаза тапқандар кімдер?

Жарияланған күні:

люди в горах
Фото: UGC

Әлемнің ең биік шыңын жылына жоқ дегенде жүздеген батыл адам бағындыруға тырысады. Алпинистердің Меккесі саналып кеткен Эверест сондай-ақ марқұмдар бейітіне де айналып кеткен сыңайлы деп хабарлайды royaltrip.info-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұрын-соңды тауға шығумен қызықпаған адамдар оның егжей-тегжейін білмесі анық. Күрт бұзылған ауа-райы дайындығы нашар альпинистің жоспарын бұзып қана қоймай, оның өмірін қиюы да әбден мүмкін.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, тауға шығуға қарағанда одан түскен кезінде адам өлімі көбірек болады. Оған алпинистердің шыңды бағындырғаннан кейінгі асқан сенімділігі өз септігін тигізеді.

Ресми деректерге сүйенсек, Эверест шыңын бағындыруда 292 адам көз жұмған. Олардың көбісі сол қалып қойған жерлерінде жата береді. Себебі мұндай биіктіктен адам денесін алып кету үлкен шығынға ұшыратады.

Фото: royaltrip.info
Фото: royaltrip.info: UGC

Марқұмдар денесін жинау мақсатында бірнеше арнайы экспедиция ұйымдастырылған болатын. Алайда үлкен биіктікте денелерді жинап төменге түсірудің өзі де аса қауіпті. Оның үстіне мұндай экспедицияларды сирек қаржыландырады. Сол себепті кейбір денелерді өздерінің мемлекеттік туымен жауып тастап кетеді.

Эверестті қосымша оттегінсіз бағындырған алғашқы әйел.

Фото: royaltrip.info
Фото: royaltrip.info: UGC

Танымал альпинист Френсис Арсентьева сонау 1998 жылы Эверест құрбанына айналған. Ол өзінің күйеуі Сергей Арсентьевпен бірге Джомолунгма тауын 98 жылдың мамырында бағындырған. Алайда түсіп келе жатып Френсис экспедиция мүшелерінене ілесе алмай қалып қояды.

Оның жоқтығын астыға түсіп алғанан кейін бірақ аңғарған. Сергей бірден әйелін іздеуге аттанып, өзі де қайтып келмеген. Сергей мен Френсис те Джомолунгма тауында қаза тапты. Дәлелденбеген мәліметтерге сәйкес, әйелді тірі күйінде тауып алған өзге экспедиция өкілдері оған өз оттегілерін бергенімен, Френсисті құтқара алмаған.

Фото: royaltrip.info
Фото: royaltrip.info: UGC

Араға 9 жыл салып, Арсентьев отбасысы қатысқан экспедиция мүшесі Иэн Вудолл болған оқиға үшін өзін кешіре алмай, қауіпті шыңға Френсис денесін жерлеу үшін қайта аттанған. Ол әйел денесін америкалық тумен жауып, ішіне қызы жазып жіберген хатты салып жардан тастап жіберді.

Эвересттің ресми түрдегі алғашқы құрбандары

Фото: royaltrip.info
Фото: royaltrip.info: UGC

1922 жылы 7 шілде күні Джомолунгмада бірден 7 адам қаза тапты. Олар Эверест бағындыруда қайтыс болған алғашқы адамдар болып ресми құжатқа енгізілген. Чарльз Гранвиль Брюс пен Джордж Мэллори басқаруымен экспедициялық топ үш мәрте көтерілген. Екеуі сәтсіз аяқталып, соңғысы мүлдем апатқа ұшыраған.

Дәрігердің айтуына құлақ аспаған алпинистер қауіпсіз сәт туындады деп тауға шығып кеткен. Нәтижесінде ауқымды қар көшкінің астына қалып қойды.Екі адам аман қалып, топтың жеті мүшесі оқиға орнында көз жұмды. Бұл оқиға 1922 жылғы экспедицияның жұмысына нүкте қойған.

Фото: royaltrip.info
Фото: royaltrip.info: UGC

Экспедиция басшысы Джордж Мэллоридің денесі 75 жылдан кейін 8155 метр биіктікте анықталған. Оның қасында болған Эндрю Ирвин есімді топ мүшесінің денесі әлі де табылмады.

2015 жылы Джомолунгма тарихында ең көп өлім саны тіркелген

Фото: royaltrip.info
Фото: royaltrip.info: UGC

2015 жылдың 22-26 сәуір күндері Джомолунгмада болған жер сілкінісі кесірінен қар көшкіні жүріп өтіп, 24 адамның өмірін қиды. Эвакуцияланғандар 61 адамды құрады. Бұл оқиға әлемнің ең кәсіби альпинистері мен жақсы адамдарын жарық дүниеден оздырған.

Осыдан кейін, 2015 жылдың көктемдік маусымында Эверест бағындыруға ешкім келмеген. Бұл Джомолунгма тарихында алғаш рет болған құбылыс.

Үнді экспедициясының құрбандары

Бұл тау қатпарларында әлі күнге дейін бірталай адам денелері жатыр. Олардың кейбірі тіпті Эвересттің ажырамас бөлігіне айналып үлгерген. Мысалы "жасыл аяқ киімді ер адамды" Джомолунгмаға келіп көрген әрбір адам біледі.

Фото: royaltrip.info
Фото: royaltrip.info: UGC

Ол үнді экспедициясы құрамында 1996 жылы тауға шыққан Цеванг Палджор болып шықты. Марқұмның денесі тауда жатқанына осымен 15 жылдай уақыт өтті. Ол тіпті алпинистер үшін жол сілтер белгі болып кеткен.

2006 жылы адам түсінбес себептерге орай, Дэвид Шарп та Эверест құрбаны болды. Ол ұзақ уақыт бойы қиналып өлген. Қасынан өтіп бара жатқан альпинистер оған көмектпесе керек. Оған себеп Дэвидтің жасыл түсті аяқ киімі болған. Көпшілік оны жанағы жасыл аяқ киімді үнді азаматымен шатастырып, марқұм деп ойлап қалды.

Фото: royaltrip.info
Фото: royaltrip.info: UGC

2017 жылы 30 сәуір күні швейцариялық Ули Штэк атын тарихта қалдырмақшы болып қайтыс болған. Ол бұрын-соңды ешкім жүріп көрмеген жолмен Эверестті бағындыруға бел буды. Нәтижесінде 1000 метр биіктіктен құлап түсіп, оқиға орнында жан тапсырды.

Осылайша әлемнің ғажайыбы саналатын Джомолунгма талай адамдар өмірін қыршынынан қиған. Әлемдік мамандар Эверестке шығуда барынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Алайда оның өзі де жеткіліксіз дейді олар. Себебі ондай биіктікте кенеттен болатын нәрселерді алдын-ала болжау мүмкін емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1727200-everest-krbandary-lemni-e-biik-nktesin-bagyndyrmak-bolyp-kaza-tapkandar-kimder/