Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үлкен нәтижеге жету үшін жұмысқа қабілеттілікті арттыратын 8 әдіс қандай?

Опубликовано:

Адамның жұмысқа қабілеттілігін арттыратын және қысқа уақыт аралығында үлкен нәтижелерге жетуге болатын 8 ережені massaget.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

Көрнекі фото желідан алынды
Көрнекі фото желідан алынды: UGC

1. Мотивация. Нәтижелі жұмыс үшін мотивацияның орны маңызды. Мотивация әрекет етуге итермелейді. Әрекет етуді бастау үшін ғаламдық мақсат тұжырымдау керек. Ол мақсат шынайы, өлшелмелі және қолжетімді болуы керек. Оған жету үшін микро мақсаттарды тұжырымдау керек боласыз. Мақсат үшін және әрбір микро мақсат үшін нақты уақыт (дедлайн) қойыңыз.

2. Ынталандыру. Қызметкердің жұмысқа қабілеттілігін арттыруда ынталандыру да маңызды рөл атқарады. Көп жағдайда ол бонус беру, жалақы арттыру және мансап баспалдағы бойынша өсу ретінде көрсетіледі.

3. Толыққанды ұйқы. Тиімді жұмыс үшін демалып, ұйқыны қандыру керек. 7-8 сағаттық толыққанды ұйқы – жоғары жұмысқа қабілеттілік кепілі. Режим жасап, шамамен сағат 22:00 немесе 23:00-де ұйықтап кету керек.

4. Гаджеттерден аулақ болу. Түрлі гаджеттер мен интернет көп уақытты алады. Ұялы телефондағы, планшеттегі және компьютердегі хабарламаны өшіріп қойыңыз.

5. Кабинетті желдету. Адамның өнімділігі мидың оттекпен қанығуына тікелей байланысты. Жұмыс орнындағы таза ауа жұмысқа қабілеттіліктің қосымша қорын алуға көмектеседі.

6. Үйден жұмысқа дейінгі жол. Үйден жұмысқа дейінгі жол 1 сағаттан көп уақытты алса, қажытып жібереді. Жұмыс пен үйдің арасы 1 сағаттан аз уақытты алғаны жөн. Егер үйден жұмысқа дейін жаяу 20-40 минут уақытты алатын жер болса, тіпті жақсы болады. Мұндай серуен жұмыс алдындағы керемет сергектік қуат болып табылады.

7. Уайымдамау. Мазасыздану – өнімділіктің жауы, сондықтан әлемге және проблемаларға жай қарап үйрену керек. Релаксация әдістерін меңгерген жөн. Мысалы, медитация жасау.

8. Көп мәселелікке жоқ деңіз. Жұмысқа қабілеттілікке әсер ететін фактор – көп мәселеліктің жоқтығы. Көп мәселелік жұмыс сапасын төмендетеді, бір іске толықтай мән беруге мүмкіндік болмайды. Сондықтан жұмыс мөлшерін шамаңызға қарап алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1727512-lken-ntizege-zetu-sin-zmyska-kabilettilikti-arttyratyn-8-dis-kandaj/

pixel