Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайлықтар алты миллиард тарақанды не үшін өсіріп-бағып отыр?

Опубликовано:

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Сичан қаласында фармацевттік компаниялардың бірі жылына алты миллиард тарақан өсірумен айналысады. Көбісі жиіркенішті санайтын жәндіктер бұл салада өте табысты кәсіпке айналған. Оған қытайлықтардың тарақандарды денсаулыққа пайдалы санауы өз үлесін қосты деп хабарлайды deadbees.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: deadbees.net
Фото: deadbees.net: UGC

Тарақандар өсірілетін ғимарат аумағы екі футбол алаңындай болып келеді. Оның әр тұсынан су мен тамаққа толы арнайы жыралар жасалынып қойылған.

Жәндіктердің рахат өмір сүрулеріне барлық жағдай жасалыпты. Жылы, дымқыл әрі қараңғы ғимарат тарақандардың толыққанды еркіндікті сезініп, жайбарақат жүруі мен көбеюіне елеулі үлес қосады.

Ғимарат ішіне жасанды ойлау жүйесі орнатылған. Ол жәндіктер мутациясы мен көбеюіне, сондай-ақ ғаимарат ішіндегі ауа температурасын бақылап отырады. Компания өкілдері бұл жүйе арқылы тарақандардың көбею көрсеткіштерін арттыруды мақсат еткен.

Тарақандар қажетті деңгейде жетілгеннен кейін, жүйе оларды анықтап ұстауға кіріседі. Одан кейін, тарақандар арнайы өңдеуден өтіп, нәтижесінде дәстүрлі қытай медицинасында кең қолданылатын тұнбаға айналады.
Фото: deadbees.net
Фото: deadbees.net: UGC

Балықтың иісі шығатын тұнба "канфусинь" деп аталады. Оны көп жағдайда асқазан және өкпе ауруларына ем ретінде қолданады.

Қытай үкіметі жәндіктер өсіретін мекемелерді көбейтуге қолдау көрсетіп отыр. Алайда, бүгінгі күні аураханалар тәжірибесінде мұндай дәрі-дәрмекті қолданудың дұрысы мен бұрысы көпшілік арасында қызу талқы тудырып отыр.

Бірі "канфусинь" күрделі ауруларды емдеуге қауқарлы деп жатса, кейбіреулер оның пайдасының шамалы екенін айтып әлек. Ал басқалары болса, тіптен жәндіктерден жасалған дәрі жақсылық әкелмейтінін айтып жатыр.

"Миллиардтаған тарақандардың далаға шығып кеткен жағдайы өте қауіпті мәселе тудырады", - деген пікір білдірушілер де болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1729187-kytajlyktar-alty-milliard-tarakandy-ne-sin-sirip-bagyp-otyr/

pixel