Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамыр айына жұлдыз-жорамал: Сізді осы айда не күтіп тұр?

Опубликовано:

2018 жылдың мамыр айына жасалған жұлдыз жорамалды NUR.KZ порталы asn.in.ua сайтына сілтеме жасап назарға ұсынады.

Жұлдыз жорамал. Көрнекі фото: Tv.ua
Жұлдыз жорамал. Көрнекі фото: Tv.ua: UGC

Тоқты

Мамыр айында тоқтылар өзіне сәл демалыс жариялай алады. Бос уақытыңызды жаңа таныстықтарға, серуендерге арнаңыз.

Осы айда жеке өміріңіз реттеледі. Көпшілікпен сөзге келуден аулақ болуға тырысыңыз.

Торпақ

Торпақтың мамыр айында көңіл-күйі құбылмалы болады. Эмоциямен күресуге жақындарыңыз көмектеседі.

Осы айда торпақтар жұмысында ерекше еңбекқорлық танытады.

Егіздер

Мамырда өзгерістер көп болады. Тұрақтылықты ұнататын егіздерге бұл өзгерістер күйзеліс алып келуі мүмкін. Дегенмен бұл өзгерістер егіздер үшін маңызды болмақ.

Шаян

Мамыр айында шаяндар бақытқа кенеледі. Айналаңызға махаббат нұрын төгіп, шығармашылық шабытты сезінесіз.

Арыстан

Арыстандар үшін мамыр айы тосын сыйларға толы болады. Мансапта жоғарылауыңыз мүмкін.

Бикеш

Айдың басында бикештер өте жұмысбасты болады. Алайда ортасында жағдай өзгеріп, демалуға мүмкіндік аласыз.

Сынға мән бермей, тек алға жылжыңыз. Осы айда сізді сүйіктіңізбен жағымды кездесулер күтіп тұр.

Таразы

Мамырда оқшауланғанды қалайтын таразыларды жеке өмірі мен мансабында тұрақтылық күтіп тұр.

Сарышаян

Сарышаяндар осы айда көп мәселенің шешімін табады. Еңбектенгеніне қарай қаражатта табыстарға жетеді.

Мерген

Мамырда мергендер махаббаты мен мансабында екінші мүмкіндікке ие болады. Ол мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Қаржылай табыстарға кенеліп, денсаулығыңыз жақсара түседі.

Тауешкі

Тауешкілер осы айда ішкі түйсігіне сенетін болса, жұмыстағы бірталай мәселені шешетін болады. Өзіңіздің жартыңызды табуыңыз әбден мүмкін.

Суқұйғыш

Мамыр айы суқұйғыштар үшін оқиғаларға толы болады. Жақындарыңызға уақыт бөлуді ұмытпаңыз. Денсаулығыңызға да көңіл бөліңіз.

Балық

Мамыр айында балықтарда ешқандай өзгеріс болмайды. Жеке өміріңіз де, жұмысыңыз да бір сарында болмақ.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1730093-mamyr-ajyna-zldyz-zoramal-sizdi-osy-ajda-ne-ktip-tr/

pixel