Әлемдегі ауасы мөлдір таза қай ел?
Опубликовано:
Әлемдік денсаулық ұйымы жер бетіндегі ауасы ең таза мемлекетті анықтады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша ең саф ауа Финляндия еліне тиесілі екен деп хабарлайды РИА "Новости"-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

ДСҰ деректеріне сәйкес, бұл елдегі бір текше метрдегі шаң-тозаң микробөліктерінің мөлшері 6 микрограммға тең. Бұл әлемдегі ең төменгі көрсеткіш болып саналады.
Сонымен қатар көшбасшылра қатарында Эстония, Швеция, Норвегия мен Исландия елдері бар.
Сарапшылардың пікірінше, ауасы ең лас - ол Таяу Шығыс елдері мен Африка мемлекеттері (Уганда, Камерун).
Ал мамандар 8 жыл бойы жүргізген зерттеуге 100 мемлекет қатысқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1730194-lemdegi-auasy-mldir-taza-kaj-el/