Семіздігіне қарамастан сымбатты жігіттерді жар еткен кімдер?
Жарияланған күні:
Қалыптасып кеткен қағидаларға қарамастан өздері секілді артық салмағы бар жігіттерді емес, дене бітімі мығым, сымбатты жігіттерді таңдаған толық қыздар туралы wday.ru сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Көптеген маусым бойы plus-size модельдері сән әлемін бағындырып келеді.
Дизайнерлер подиумға тек мінсіз мүсінді аруларды ғана емес артық салмағы бар қыздарды да шығаратын болған.
Глянц журналдарының бетінен де сондай бойжеткендерді кездестіруге болады.

Бірақ қоғамдағы толық қыздарға деген пікір әлі де екі түрлі: Біреулері оларды құрмет тұтып жатса, енді біреулері сынға алып жатады.
Дегенмен олар жұрттың сөзіне қарамастан, өмірде мінсіз мүсінсіз-ақ бақытты ғұмыр кешуге болатынын дәлелдеп жүр.

Мәселен солардың бірі - америкалық модель Дженна Катчер. Дженнаның салмағы - 102 келі, киімінің өлшемі - 52.
Осынша салмағына қарамастан ол күйеуімен бақытты өмір сүріп жатқанына кәу болатын суреттерді желіде жариялап тұрады.
"Мен кейде өзіме сенбеймін. Менің күйеуім - "мистер Пресс". Неге ол мені таңдады екен? Мен сияқты толық қызға ол лайық па? Мен арық қыз емеспін, сондықтан ол маған тең емес деп ойлаймын", - дейді Дженна.

28 жастағы Станислава Подоляк артық салмағына қарамастан өзін жақсы сезінеді. Оның салмағы - 90 келі, бойы - 175 см. Бойжеткен өзінің Instagram парақшасына "ашық" түскен суреттерін жариялаудан еш ұялмайды.

Станиславаның күйеуі Валерий әйелін үнемі қолдап жүреді. Бойжеткен қыздарға өздерін сүюге кеңес береді. Оның айтуынша, тек сонда ғана барлығы жақсы болмақ.

Тесс Холлидей – әлемге әйгілі plus-size моделі. Оның салмағы - 155 келі және ол өзін әлемдегі ең толық модель деп есептейді.
Артық салмақ бойжеткенге ешқандай кедергі келтірмейді. Бүгінде Тесс австралиялық фотограф Ник Холлидеймен бір шаңырақ астында тәту-тәтті өмір сүріп жатыр.

"Ер азаматтар мені керемет сексуалды деп ойлайды. Менде артық салмақ бар екен деп мен өзімді қинағым келмейді. Басқалары да менен тек жақсы энергия алатын секілді", - дейді өз сөзінде модель.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1734376-semizdigine-karamastan-symbatty-zigitterdi-zar-etken-kimder/