20 баласы бар ерлі-зайыпты 21-ші сәбиінің дүниеге келуін тағатсыздана күтіп жүр
Жарияланған күні:
Ұлыбританияда 20 баланы дүниеге әкелген ерлі-зайыпты тұрады. Сью және Ноэль Редфорд жақында 21-ші баласы өмірге келетінін айтып, сүйінші сұрады. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Құрсағындағы қыз баланың дүниеге келуін тағатсыздана күтіп жүрген Сью Рэдфорд қыркүйек айында ғана 20-шы баласын өмірге әкелген болатын.
Ерлі-зайыптылардың ең үлкен баласы 28-де болса, ең кішісіне небәрі 8 ай болған.
Тағы да сүйінші хабармен Youtube парақшасында бөліскен көп балалы ана 47 жастағы күйеуіне осымен 21-ші баласын сыйға тартпақ.
Мокамб қаласында тұратын әйел ендігі бала көтермейтініне сенімді болған. Алайда Жаратушының өз жоспары бар болып шықты.
Сью 14 жасынан бастап ана атанған. Күйеуін жеті жасынан танитын Сью балалар үйінде тәрбиеленіпті. Содан кейін өз балаларын ешуақытта тастамауға бел буған әйел бүгінде бақытты ана атанып отыр.
Отағасы 350 000 доллар тұратын кең үйді сатып алып, барлық баласын асырауға шамасы жетуде.
Ноэльдың табысы жылына 70 000 долларды құрайды. Ал Сью жұмыссыз.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1734748-20-balasy-bar-erli-zajypty-21-si-sbiini-dniege-keluin-tagatsyzdana-ktip-zr/