Әлемдегі ең бойы ұзын қызды білесіз бе?
Опубликовано:
12 жасар Софи Холлинздің бойы 1 метр 88 сантиметрді құрайды. Жеткіншек әлемдегі ең бойы ұзын қыз ретінде Гиннестің рекордтар кітабын жаңартқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Саутгемптонда тұратын қыз Марфан синдромына шалдыққан. Софи өзінің ерекшелігін қабылдап үйренгенімен, ендігі өсуін доғаратынына үміттеніп жүр.

188 сантиметрлік жеткіншек өз қатарласытарынан өзгеше болып тұратынын айтуда.

"Мен өзгелерге ұқсамайтынымды жақсы білемін. Сыныпта алғашқы күннен бастап бәрінен биік болдым", - дейді ол.

Софи алты жасында 147 сантиметрге жеткен. Дәрігерлер оның бойын өсуден тежеу үшін дәрі-дәрмектер беруде.

Жеткіншек одан әрі бойының өскенін қаламайтынын ашық айтып отыр. Ол болашақта мал дәрігері болғысы келеді.


Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1735376-lemdegi-e-bojy-zyn-kyzdy-bilesiz-be/