Әлемге танымал болған қазақ қыздарын білесіз бе?
Жарияланған күні:
Күллі әлемге танымал болып үлгерген көрікті қазақ қыздарын NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап, назарға ұсынады.
Динара Сәдуақасова (21 жаста, Астана)
Шахмат бойынша төрт дүркін әлем чемпионы Динара Сәдуақасова 16 жасында халықаралық гроссмейстер атанған. Ол әлемдік рейтингте 23-ші орынға жайғасты.
Риза Әлімжан (20 жаста, Бейжіңде дүниеге келген)
Бойжеткен фотомодель әрі қытай фильмдеріндегі актриса ретінде әлемге танылған.
Наталья Аринбасарова (71 жаста, Мәскеуде дүниеге келген)
Венециялық кинофестивальде басты жүлдеге ие болған тұңғыш әрі жалғыз кеңес кезеңіндегі актриса.
Мұндай жүлдеге Кэтрин Хёпберн, Бэтт Дэвис, Ширли Маклейн, Софи Лорен, Сьюзан Сарандон, Катрин Денёв, Жюльетт Бинош секілді жұлдыздар да лайық деп танылған.
Гауһар Каппарова ( 37 жаста, Алматыда дүниеге келген)
Ол 2017 жылы британиялық Lux magazine журналының редакторы атанады.
Тоғжан Ізбасарова (31 жаста, Алматыда дүниеге келген)
Chanel сән үйінің қожайыны Дэвид Вертмайхер Тоғжанға үйленіп, одан бала сүйген.
Алтынай Асылмұратова ( 56 жаста, Алматыда дүниеге келген)
Прима-балерина Лондон театрында өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті еткен болатын.
Гауһар Берқалиева (36 жаста, Жамбылда дүниеге келген)
Киім дизайнері, Vionnet /Paris сән үйінің қожайыны.
Жанна Саршаева (24 жаста, Астраханьда дүниеге келген)
Шашкадан үш дүркін әлем чемпионы. Ол әлемдік рейтингте бірінші орынды алған.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1735553-lemge-tanymal-bolgan-kazak-kyzdaryn-bilesiz-be/