Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасиетті Қадір түнін қалай өткізу керек?

Опубликовано:

Маусымның 11-нен 12-не қараған түн - қасиетті Қадір түні. Рамазан айында түсетін мұсылмандар үшін ең қасиетті түнді қалай өткізген жөн? Осы сұраққа NUR.KZ ақпараттық порталы zharar.com сілтеме жасай отырып жауап іздестіріп көрді.

Mazhab.kz
Mazhab.kz: UGC

Қадір түні - Рамазан айында түндердің төресі болған, мың айдан қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетінде береке орнайтын ерекше түн. Оның қашан келетінін айту қиын. Дейтұрғанмен Рамазан айының соңғы он күнінің бірі Қадір түні болады. Араб тілінде бұл түнді "Ләйләтул Қадр" деп атайды.

Қадір түні несімен ерекше? Мұсылман сенімі бойынша дәл осы Қадір түнінде аспаннан Жебірейіл періште түсіп Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) Құран кітапты берген. Бұл түні Алланың мейірімі әдеттегіден артып, адамдар қасиетті түнді мейлінше дұға етіп өткізуге тырысады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.

Құранда бұл түннің кереметтігін баяндайтын арнайы сүре де бар. Ол сүреде Жаратушы иеміз былай дейді: «Анығында Біз Құранды Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Ол түні періштелер мен Рух Раббыларының әмірімен жерге түседі. Ол таң ағарып атқанша жалғасады» («Қадір» сүресі).

Бұл түні аспаннан жұлдыз ақпай және бірде бір бұлт қалмай қояды екен. Қасиетті түнді қарсы алар алдында мұсылмандар толықтай ғұсыл құйынып, жуынып, денесі мен көңілдерін барлық кірден арылтуы тиіс.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1736530-kasietti-kadir-tnin-kalaj-tkizu-kerek/

pixel