Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жиналысқа атпен келген депутат көпшілікті күлкіге қарық қылды

Опубликовано:

Ресейдегі Камчатка депутаты ресми отырысқа атқа мініп келді. Михаил Пучковскийдің сәйгүлікпен келуінің өз маңызды себебі бар болып шықты деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Жиналысқа тақа мініп келген депутат өз әрекетімен аумақта туындаған басты мәселеге назар аудартқысы келген. Оның айтуынша, Ресейдің бұл өңірінде жанармай мен азық-түлік бағасының көтерілуі қарапайым халықты қиын жағдайға қалдыруда.

Депутат жылқысын ғимарат алдына байлап қалдырмақшы болғанда күзетші оған қатаң ескерту жасаса керек. Алайда, бұл оқиғадан да шенеуік сәтті шыға білген. Ол жиналысқа бір-өзі емес, қасына атқа мінген екі бойжеткенді де ала барды.

Дәл сол қыздар Михаил Пучковскийдің сәйгүлігіне бас көз болып қалған. Жиыннан шыққан депутат қайтадан атына мініп қайтып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1738158-zinalyska-atpen-kelgen-deputat-kpsilikti-klkige-karyk-kyldy/