Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішіне жын кіріп кеткен әйел аурухана қабырғасына өрмелеп шығып алды (видео)

Опубликовано:

Индиядағы Мумбайда көшеде өтіп бара жатқан екі ер азамат адам шошырлық оқиғаның куәгері болды. Түңгі уақытта аурухана қабырғасымен өрмелеп шығып бара жатқан әйелді көрген олардың зәресі ұшқан деп хабарлайды planetanovosti.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: planetanovosti.com
Фото: planetanovosti.com: UGC

Сандживан ауруханасының маңынан өтіп бара жатқан жігіттер қабырғаға өрмелеп шыққан әйелді көріп шошып кеткен. Ақ киімді және ұзын шашты келіншек құдды қорқынышты фильм кейіпкері іспетті болып көрінді.

Олар оқиғаны бірден ұялы телефон камерасына түсіріп алған. Ер адамдардың бірі өрмекші ұқсап қабырғаға шыққан әйелдің ішіне жын кіріп кетті деп ойласа, екіншісі мүлде адамды емес нағыз елесті көргендей болғанын айтты.

Қалай болғанымен қанша жерден спортсмен болмасың, адам баласы өз бетінше қабырғаға өрмелей алмайды. Желі қолданушылары видеодағы әйелге расымен тылмыс күш басшылық еткенін жарысып айтуда.

Кейбірі болса, келіншекті айкезбе болуы мүмкін деген пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1740523-isine-zyn-kirip-ketken-jel-auruhana-kabyrgasyna-rmelep-sygyp-aldy-video/