Екі жасынан бері барабанның құлағында ойнайтын 8 жастағы қыз әлемді аузына қаратуда
Опубликовано:
Сегіз жастағы жапондық Йойока Сома өзінің ерекше талантымен интернет кеңістігін жаулап алды. Ол түскен клиптегі көрген жұрт барабанда үлкендерден кем ойнамайтын кішкентай қыздың өнеріне тәнті болған деп хабарлайды fishki.net порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жақында ғана желіде пайда болған видеода кейін әлем жұртшылығы Йойоканың өнеріне қызығушылық таныта бастаған. Аталмыш роликте ол Led Zeppelin 'Good Times Bad Times' тобының композициясын орындаған.
Елді дарынымен тәнті етіп жатқан қыз бала музыкалық отбасында дүниеге келген. Оның әкесі мен анасы да ән жазады және орындайды.

Кішкентай қыз алғаш рет барабанда ойнауды екі жасынан бастаған. Ол сол кезде-ақ ата-аналары жазған әнді ритмге сәйкес орындауға тырысқан.

Ал төрт жасында ол концерттерде өнер көрсете бастаған.

Бес жасында талантты қыз "Каниаийойока" отбасылық тобының құрамында өнер көрсете бастаған.

"Менің арманым - әлемдегі ең үздік барабаншы болу", - деген Йойока Сома ағылшын тілін оқуды да бастап кеткенін айтады.

Ол сонымен қатар барабанда ғана ойнап қоймай әнде айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1740957-eki-zasynan-beri-barabanny-klagynda-ojnajtyn-8-zastagy-kyz-lemdi-auzyna-karatuda/