Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғашығыңды орынсыз қызғануды қалай қоюға болады?

Опубликовано:

Қызғаныш кез-келген жұптың басынан өтетіні сөзсіз. Аздап қызғану махаббаттың қатаюына әкеліп соқтырады, ал егер тым көп болып кетсе қауіп төндіреді. NUR.KZ оқырмандарына қызғаншақтықтан құтылудың он түрлі тәсілін ұсынады.

Қызғаншақтықтан құтылудың 10 жолы
Қызғаншақтықтан құтылудың 10 жолы: UGC

1. Өз сезімдеріңді басқару

Сізді қызғаныш сезімі билеп тұрғанын мойындай біліңіз. Әйелдердің көпшілігі қызғанышын жасыру үшін шектен тыс ашуға беріледі. Сондықтан алдымен қызғаныш себебін анықтауға тырысыңыз, расымен өз әрекетіңізді орынды екеніне көз жеткізіңіз.

2. Қызғаныштың себебін анықтау

Өзіңізге "Мен не үшін қызғанамын? Маған жайлы өмір сүруге не кедергі?", - деген сұрақтарды жиі қойыңыз. Бәлкім сіз ажырасудан, күйеуіңіздің махаббатынан айырылудан немесе сұлулығыңызды жоғалтудан қорқатын боларсыз. Қысқасы қызғаныш себебін өзіңіздің ішкі дүниеңізден табыңыз.

3. Қорқынышпен күресу

Қызғаныш қорқыныш пен үрейді бірге ала келеді. Қорқыныш кезінде ойлаған ойларыңыз ең қауіпті әрекеттерге итермелеуі мүмкін. Бұндай уақытта сабыр сақтай біліңіз. Әсіресе сіздің қамқорлығыңыз бен махаббатыңызға мұқтаж жандар туралы ойлаңыз.

4. Сезімдеріңізді жасырмаңыз

Ойыңыздағыны жасырмай айтудан қашпау керек. Ең бастысы өз сезімдеріңізді айту барысында күйеуіңізді кінәлап немесе жазалаудың қажеті жоқ. Әйтпесе әңгіменің аяғы ұрысқа әкеліп соқтырады.

5. Өз-өзіңізді бағалау

Қызғанышты өз-өзіңізді жақсартуға деген мүмкіндік деп түсіңіз. Әсіресе жүктілік кезінде әйелдер өздерін ұнатпайды, сол себепті күйеуі де солай ойлайды деп қорқады. Өзіңізді мақтан тұтуды, сұлулығыңызға тамсануды бастаңыз.

6. Бос уақытты азайту

Әйелдердің бос уақыты көбейген сайын күйеуінің үйде жоқ екенін, оның басқа біреумен қыдырып жүргені туралы жаман ойлар келе бастайды. Бұдан шығатын бір ғана жол бар: ойлауды доғарып, іске көшу. Бос уақытыңызды жаңа нәрселерді үйренуге жұмсаңыз.

7. Қарым-қатынасты нығайту

Қызғаншақтық махаббат әлсіреген уақытта пайда болады. Сондықтан алдымен күйеуіңізбен араңыздағы сезімді қайта оятыңыз: кешкі серуенге шығу, демалысты бірге өткізу.

8. Пайда іздеу

Күйеуіңізді қызғануға әкеліп соқтыратын нәрселер туралы көбірек біліңіз. Мәселен жұбайыңыз сізге емес жұмысқа көп уақыт бөлетін болса, жұмыс оның негізгі табыс көзі немесе демалатын жалғыз орын болғаны. Бұндай жағдайда сізде оның жұмысына түсіністікпен қарап, өзіңізге назар аударудын жолын табыңыз.

9. Қызғанышты басқару

Қызғаныш психикаға да кері әсерін тигізе алады. Сондықтан қызғанышқа да арнайы шек қойыңыз. Қызғаныштың да уақыты мен орны болады.

10. Психологпен кеңес

Қызғаныш – қиын сезім, кейді тіпті оны өздігінен басқару мүмкін емес. Егер жағдайдың тым ушығып бара жатқанын сезсеңіз, психологқа баруға ұялмаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1741663-gasygydy-orynsyz-kyzganudy-kalaj-kouga-bolady/

pixel