Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсек қатынасын жақсарту үшін қандай тағамдар жеу керек?

Жарияланған күні:

Бәріміз дұрыс тамақтану ережесін жақсы білгенімізбен, төсектегі белсенділікті арттыратын тағамдар түрін көп естімегенбіз. Расыменде, кейбір азық-түліктің құрамында жыныстық қатынасты жақсартатын дәрімендер бар. Күнделікті тамақтану салтына міндетті түрде қосу керек тағамдар туралы NUR.KZ порталынан оқи аласыздар.

Фото:vivalatrends.ru
Фото:vivalatrends.ru: UGC

1. Ірімшік

Ер адамның сүйікті тағамдарына ірімшікті қосу – таптырмас ақыл. Оның құрамында еркектің төсектегі қабілеттілігін арттыра алатын цинк бар. Ол адамның төсек қатынасы барысында барынша ләззат алуына көмектеседі.

2. Банан

Бананның романтикалық көңіл-күй сыйлай алатын қасиеті бар деп ешкім ойламаған болу керек. Оның құрамында жүрек қызметін жақсартатын өте көп мөлшерде магний мен калий бар. Сонымен қатар «бақыт гармондарын» бөліп шығаруға көмектесетін В витамині де бар.

3. Зәйтүн

"Бақыт гормондары" басыңызды айналдырсын десеңіз немесе қолыңызда банан болмаса, оны зәйтүнмен алмастыруға болады.

4. Зімбір (имбирь)

Ежелден келе жатқан ер адам денсаулығына пайдалы астың бірі – зімбір. Ол еркектің жыныс мүшесіндегі қан айналымын жақсартады. Оны сорпаға, балыққа қосуға болады немесе ұйықтар алдында зімбір шайын дайындап беріңіз.

5. Қияр

Ғалымдардың зерттеуінше, әйелдер үшін қиярдың иісі құштарлықты арттырады. Сондықтан да кешкі ас үстінде міндетті түрде қиярдан жасалған салат тұрсын.

6. Авокадо

Бұл экзотикалық өсімдік ер адамның белсенділігін арттыратын барлық дәрумендерді бойына жинаған. Сонымен қатар жүрек қан-тамырдары жұмысын да жақсарта алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1742820-tsek-katynasyn-zaksartu-sin-kandaj-tagamdar-zeu-kerek/