Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұрпақсыз қаласың": Dizzy энергетикалық сусындары зиян екені дәлелденді

Жарияланған күні:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті еліміздің дүкен сөрелерінен қауіпті өнімдерді анықтауды жалғастыруда деп хабарлайды NUR.KZ.

Dizzy энергетикалық газдалған сусындары аса қауіпті екені дәлелденді
Dizzy энергетикалық газдалған сусындары аса қауіпті екені дәлелденді: UGC

Маңғыстау облысындағы сауда объектілерін тексеру шеңберінде тағам өнімдерін ұзақ уақыт сақтауға арналған консервант ретінде қолданылатын натрий бензоатының (E211) тағамдық қоспасының құрамы жоғары «Дал» ЖШҚ ресейлік өндірушінің алкогольсіз энергетикалық сусындары анықталды.

Бұл туралы Қоғамдық Денсаулық сақтау комитетінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Осылайша, Комитеттің сараптама орталықтары жүргізген зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша натрий бензоаты құрамының артуы мынадай алкогольсіз сергіткіш энергетикалық газдалған сусындарда анықталды: «Dizzy original» - 189,4 мг / л.

Өнімнің жоғарыда аталған партиясы сауда объектілерінен сатылымнан алып тасталды, өнім берушіге сауда объектілерінен тауарларды алып тастау бойынша әкімшілік әрекет шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, Комитет Ресей Федерациясының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адами әл-ауқат қорғауды қадағалау жөніндегі федералдық қызметіне (Ресейтұтынушылықтықадағалау) осы өндірушілердің өнімдерін күшейтілген зертханалық бақылауға алу туралы хабарлама жіберді.

Адамдар үшін негізгі қауіп – ДНҚ бөліктеріне зиянын тигізе алатын E211 (натрий бензоаты) тағамдық қоспасы. Бұл, құрамында E211бар сусындарды пайдалана отырып, Сіз болашақ ұрпаққа зиян келтіресіз дегенді білдіреді.

Жүктілік кезінде натрий бензоаты бар тағам өнімдері мен сусындарды қолдануға болмайды. Сондай-ақ, натрий бензоаты иммундық жүйеге бөгде заттың әсерінен аллергиялық әсер тудыруы мүмкін. Кейбір адамдарда жеңіл белгілері пайда болуы мүмкін, олар мыналарды қамтиды: шоғырланған қышыну, жөтел, қызару, бөртпе, ісіну. Сондай-ақ, натрий бензоаты организмде, әсіресе жасөспірімдердің организмінде өздігінен жиналуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1742916-rpaksyz-kalasy-dizzy-energetikalyk-susyndary-zian-ekeni-dleldendi/