Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясы тарихындағы тұңғыш модель жайлы не білеміз?

Жарияланған күні:

17 жастағы Талида Тамер Сауд Арабиясы тарихындағы тұнғыш модель атанды. Бұрындары сән әлеміне аяқ баспаған арабиялық әйелдерге жол ашқан бойжеткен өзінің алғашқы подиумға шығуымен ақпарат құралдарының ерекше назарына іліккен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: metro.co.uk
Фото: metro.co.uk: UGC

Сауд Арабиясы дегенде көбісі қатаң заңдарға бағынатын хиджаб киген әйелдерді елестететіні анық. Алайда, бұл тұжырым бұрыңғы өтіп кеткен шақта қалып қойды. Бүгінде, арабиялық әйелдерге көлік жүргізу мен спорттық шараларға ерлер қатарлы баруға рұқсат берілген.

Фото: metro.co.uk
Фото: metro.co.uk: UGC

Ақырындап әйелдер мәртебеміз көтеріп келе жатқан елде тұнғыш модель де пайда болды.

Әкесі араб, анасы италиялық болған бойжеткен Сауд Арабиясындағы Джидда қаласында туылып өскен. Бойжеткеннің анасы да бұрында модель қызметін атқарған.

Кристина Тамер Giorgio Armani, Gianfranco Ferre және La Perla іспетті танымал брендтермен жұсым істеген. Талиданың сән әлеміне бет бұрыға анасының септігі мен үлесі зор болды.

Небәрі 17 жастағы Талида модельдік бизнеске енді ғана аяқ басып келе жатыр. Ол әзірге Korloff атты иіс су фирмасымен және танымал Rubaiyat сағат брендімен жұмыс істеп үлгерді.

Бұрындары Сауд Арабиясы атынан подиумға шыққан модельдер болғаны рас. Алайда, ел тарихында танымал брендтер атынан маңызды сән апталығында бой көрсетіп, әлемдік сән басылымдарына түскен ару болмаған.

Талида Тамердің подиумға алғашқы шығуы француз апталығы кезінде орын алды. Ол танымал Antonio Grimaldi брендінің көрсетілімін ашып, оның жабылуына да қатысты. Бойжеткеннің киіп шыққан образдары көпшіліктің көңілінен шығып, 17 жастағы модель бірден үлкен танымалдылыққа ие болған.

Фото: metro.co.uk
Фото: metro.co.uk: UGC

Оған қоса, Талида Harper’s Bazaar Arabia журналының бас бетіне шықты.

Фото: metro.co.uk
Фото: metro.co.uk: UGC
"Бұл менің сән әлеміндегі алғашқы қадамдарым екенін білемін. Адла кедергілер көп екенін де жақсы білемін. Мен Сауд Арабиясында тұраиындығымнан мені өз елімде түсінбейтін әрі менің мансабыма қарсы келер адамдар табылары сөзсіз.
Бірақ мен болашақта бәрі өзгеріске ұшырайтынына сенемін. Сән саласына алғаш болып қадам басқан адам болғаным маған қуаныш сыйлайды", - деп айтты Талида.

Бойжеткен болашақта Миланда білім алғысы келетінін айтып, өз модельдік қырын жетілдіруге ниетті екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1742926-saud-arabiasy-tarihyndagy-tgys-model-zajly-ne-bilemiz/