Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясында әйелдер қауымына қандай нәрсе тыйым салынған?

Жарияланған күні:

Сауд Арабиясында әйелдерге көп нәрсеге тыйым салынады. Бұл елде тұратын қыз-келіншектер өз бетінше шешім қабылдап, қалағанын жасау құқығынан айырылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: travelask.ru
Фото: travelask.ru: UGC

Сұлу мүсіндерін ұзын киім астына жасырып жүретін арулардың тағы не істеуіне құқығы жоқ?

1. Сауд Арабиясындағы келіншектер күйеуінсіз, болмаған жағдайда аға-бауырынсыз далаға шығуға құқығы жоқ.

2. Биылдан бастап арабилық әйелдерге көлік айдау құқығы берілгенімен, оның өзі тек қана жолдасының рұқсатымен ғана болады.

Фото: travelask.ru
Фото: travelask.ru: UGC

3. Әйелдерге қоғамдық көлікпен жүруге рұқсат жоқ. Олар пойыздағы қыз-келіншектерге арналаған вагондарға ғана отыра алады. Бірақ көбісі таксимен жүруді ыңғайлы санайды.

Фото: travelask.ru
Фото: travelask.ru: UGC

4. Сауд Арабиясының әрбір аймағының өз заңдылығы бар. Мәселен, кейбір аудандарда паранджа немесе никаб кию талап етілсе, кейбір жерде бет-әлпеті ашық тұратын хиджаб міндеттеледі. Оған қоса, киім-кешек қалың матадан болуы шарт.

Фото: travelask.ru
Фото: travelask.ru: UGC

5. Білім жөнінен ерлерден асып түсер әйелдер қауымының көбісі оқу тәмамдағаннан соң жұмыс істемейді. Оған жолдасының рұқсат етпеуі себеп болса керек.

Фото: travelask.ru
Фото: travelask.ru: UGC

6. Бұл елде тұратын қыз-келіншектер жыныстық жетілуге дейін тұрмысқа беріліп жатады. Кәмелетке толмаған қыздың отбасын құру шешімін ол үшін әкесі алады.

Фото: travelask.ru
Фото: travelask.ru: UGC

7. Сауд Арабиясында әйелдер мұрагерлікке ие бола алмайды.

Фото: travelask.ru
Фото: travelask.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1742079-saud-arabiasynda-jelder-kauymyna-kandaj-nrse-tyjym-salyngan/