Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрсағындағы баласын 46 жыл бойы сақтаған аяғы ауыр әйел елді шошытты

Опубликовано:

Мароккода Зара Әбутәліп есімді келіншек 1955 жылы бала көтерген. Дәрігерге кезекті тексеріске барған ол қайтыс болған жүкті келіншекті көріп, босанғысы келмей қалды. Нәтижесінде құрсағындағы баласын 46 жыл бойы сақтап келген деп хабарлайды planetanovosti.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: planetanovosti.com
Фото: planetanovosti.com: UGC

Марокколық халықта балаға ана құрсағында қанша уақыт қажет сонша бола беруге рұқсат берілген. Зара бұл әңгімелерге қатты сенетін болып шықты.

Қырық жылдан астам уақыт бойы ол ішіндегі баласымен өмір сүре берген. Алайда, денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ауруханаға жүгінген Зара қатты таңғалды. Анықталғандай, оның құрсағында 46 жыл бойы бала болған.

Дәрігерлер бұл құбылысты жатырдан тыс жүктілік деп түсіндірді. Олардың айтуынша, жүктіліктің мұндай түрінде бала уақыттан бұрын туылып немесе мүлде түсіп қалып жатады.

Ал Зара Әбутәліптің оқиғасында әйелдің организмі жүктілікті жаңа дене мүшесі деп санап ешқандай белгі бермеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1743633-krsagyndagy-balasyn-46-zyl-bojy-saktagan-aagy-auyr-jel-eldi-sosytty/