Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар айдан жаңа тіршілік иелерін тапты

Опубликовано:

Америкалық астробиологтар айда тірі тіршілік иелері болуы мүмкін екенін айтуда. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Вашингтон штаты университеті ғалымдарының айтуынша, қолдағы мәліметтер аспан денесінің миллиардтаған жыл бұрынғы жағдайын анықтау үшін жеткілікті.

Олардың сөзінше, Жердің жер серігі 4 миллиард жыл бұрын пайда болғанда одан ыстық газдар мен су булары бөлінген. Сол кезеңде газсыздану процесі аспан денесінде су объектілерінің пайда болуына және тығыз атмосфераның құрылуына әсер еткен. Дәл осындай жағдай айда 3,5 миллиард жыл бұрын вулкандар белсенділігі артқан кезде болған.

Ал зерттеушілердің бұл қорытындылары ай бетінде су молекулалары бар екенін анықтаған спектрографиялық байқаудың нәтижелеріне негізделіп отыр. Олардың пікірінше, айда тірі тіршілік иелері болуы да мүмкін.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1743911-galymdar-ajdan-zaa-tirsilik-ielerin-tapty/

pixel