Қыздарды аяусыз сүндеттейтін елдер туралы не білеміз?
Жарияланған күні:
Қыздарды сүндеттеу көптеген елдерде ежелден бері қолданылып келе жатқан дәстүр болып табылады. Заңмен қатаң тыйым салынған бұл үрдіс бәрібірде іске асып жатады. Жылына шамамен үш миллион бойжеткенді сүндеттеу дәстүрі күтеді деп жазады fullpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қыз балалаларды сүндеттеуді әлі де қолданып келе жатқан елдер қатарында Мысыр, Ирак, Йемен, бірқатар Африка және оңтүстік Америка елдері бар.
Қазіргі таңда, әлемде 125 миллионға жуық сүндеттелген бойжеткендер бар. Бұл жантүршігерлік үрдіс жылына шамамен үш миллион қыздың басына келмек.

Қыздарды сүндеттеудің еуропалық астанасы Лондон болып саналады. Ұлыбританияның өзінде сүндеттелген бойжеткендердің саны 170 мыңды құрап отыр.
Кенияда болса қыздарды сүндеттеуге заңмен қатаң тыйым салынса да, бұл дәстүр әлі де қолданылып келеді. Африка елдерінде сүндеттелмеген қыз жеңілтек әрі өз отбасын құруға қауқарсыз болып саналады.

Жантүршігерлік дәстүрден кейін қыз баланың үстіне тері жауып бетіне ақ бояумен белгі салып қояды. Сүндеттеуден кейін оларды міндетті түрде жақсылап тынығып алуға жібереді.

Кениялықтар бұл салтты үлкен өмірге жасалынған алғашқы қадам деп санайды.

Мысырда ауылды жерде тұратын қыздардың 99%-ы, қалаларды мекен ететін бойжеткендердің 95%-ы сүндеттеліп жатады. Ал Нигерияда болса бұл салт-дәстүр тек қана ауқатты отбасыларында жасалынады.

Бұл дәстүрді көп жағдайда исламмен байланыстырса да Құранда бұл туралы бір ауыз сөз де жоқ болып шықты.

Африкалық елдердің билік өкілдері бұл адам шошырлық дәстүрді тоқтатудың барлық амалдарын қарастыруда. Заңмен тыйым салынған үрдісті ештенеге қарамастан жасайтындарға қатысты арнайы жаза тағайындалмақ.

Қыздарды сүндеттеу кезінде жыныс ағзаларын жою, ең көп жағдайда жыныс ернеулерін алдыртып тастау орын алады. Бұл үрдістің нәтижесінде қыз балалар көп қан жоғалтып қайтыс болуы да әбден мүмкін.


Оған қоса сүндеттелген қыздар түрлі инфекциялар салдарынан бала көтере алмай көптеген жыныстық ауруларға шалдығып жатады.




Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1744234-kyzdardy-aausyz-sndettejtin-elder-turaly-ne-bilemiz/