Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркектер әдемі әрі ақылды әйелдерді неге тастап кетеді?

Опубликовано:

Кейде ер адамдар әйелдің өмірінен ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Бұл жағдай, тіпті, ең әдемі әрі ақылды қыздың басынан да өтеді. Ал жігіттердің мұндай әрекетке баруына бірнеше себеп әсер етуі мүмкін деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay: UGC

Ер азаматтың әйел өмірінен жоғалып кетуіне бірнеше фактор әсер етеді. Оның алғашқысы, жұбыңыз сізді өзіне лайық деп санамауы мүмкін. Ер адамдарда кездесетін сенімсіздік пен күмән ара қатынастарыңызға нүкте қоюы мүмкін.

Келесі себебі, оның басқа бикеші болуы бар болуы мүмкін. Бұл шындықты қабылдау қиын болғанмен, оның жүрегінде басқа ару болса, сіз ештеңе жасай алмайсыз.

Кейде өз абыройын төккісі келмейтін азамат болады. Сіз оған ұнамай қалсаңыз да, ол білдірмеуге тырысады. Уақыт өте өміріңізден білдірмей ғайып болады.

Көптеген әйелдер ерлердің қашып кетуіне өздері себепкер болады. Олардың өздерін ханшайым сезініп, ер адамдардан көп нәрсені талап етуі жігіттерді шаршатып жібереді. Ал қыздардың еркелігін ешкім өмір бойы көтеруі міндетті емес.

Нәзік жандылардың ер азаматына намысқа тиетін сөздер айтуы немесе оны төмендетуі ара қатынасты бұзатын басты себептердің бірі болып табылады. Сол себепті, қыз бен жігіт арасында, ең бірінші, сыйластық болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1745721-erkekter-demi-ri-akyldy-jelderdi-nege-tastap-ketedi/

pixel