Әйелінің WhatsApp-тағы хатын оқыған ер адам түрмеден бір-ақ шықты
Опубликовано:
Испания тұрғыны әйелінің WhatsApp-тағы хатын оқып қойғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы rg.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі жылын түрмеде өткізетін 32 жастағы азамат одан бөлек 3,3 мың еуро айыппұл төлеуге міндеттелген. Бұндай шешімді судья ер адамның әйеліне тыңшылық жасап, WhatsApp желісіндегі хабарламаларын рұқсатсыз оқығаны үшін шығарған.
Қызғаншақ жігіт мұнымен тоқтамай, әйелінің аккаунтындағы мәліметтерді жалпақ жұртқа жария етіпті. Енді оған өз әйеліне жақындауға тыйым салынған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1746449-jelini-whatsapp-tagy-hatyn-okygan-er-adam-trmeden-bir-ak-sykty/