Көйлек киюіме еш кедергі жоқ: Қыз кейпіне енген баланың суреттері желіні шулатты
Опубликовано:
12 жастағы британиялық бала қыздардың киімін киіп, бетін бояғанды жақсы көреді екен. Вайолет Виксен есімімен танысатын Лео өзін қыз ретінде сенімді ұстайтынын айтады деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алты жасынан бастап Лореннің көйлегі мен биік аяқ киімдерін киген Лео ешқашан ұлдардың ойыншығымен ойнамапты. Анасы алғашында ұлын гей деп те ойлаған екен.

Мектепте қанша күлкіге қалғанымен, ол ешкімнің сөзіне мән бермепті. Ал анасы Лорен Нокс баласының қыз болып жүргені өзіне бақыт сыйлайтынын айтады.


Ал фотостудияда қысқа көйлек пен биік туфли киген Лео өзін Вайолет Виксен деп атауларын сұрайды екен. Ол өзін Вайолет ретінде сенімді сезінетін көрінеді.

Лорен Леоның бұл әрекеті алғашқы үш жылда әке тәрбиесін көрмегеннен болуы мүмкін деп отыр.

17 жасында босанған бойжеткен дұрыс тәлім бермедім деп ойлайды.

"Мен жігітпін, маған жігіт болған ұнайды. Бірақ, бұл көйлек киюіме болмайды деген сөз емес" ,- дейді Лео.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1747265-kjlek-kiuime-es-kedergi-zok-kyz-kejpine-engen-balany-suretteri-zelini-sulatty/