Қылмыс әлемінің ханшайымы туралы не білеміз?
Опубликовано:
Әлемге танымал қылмыскер "Таро" Онианидің қызы Гванца қылмыс әлемінің нағыз ханшаймы. 25 жастағы бойжеткен кішкентай кезінен бері тап болған қиыншылықтарына қарамастан, балқып-шалқып өмір сүруде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гванца 12 жасында қылмыс әлемімен бетпе-бет келген. Ол ұзақ уақыт бойы полицейлерге ұсталмай жүрген әкесінің кесірінен түрмеден бір-ақ шыққан.
Испания тәртіп сақшылары "Тароны" таба алмағандықтан, уақытша оның қызын темір торға тоғытып тастады. Алайда, ақыр-соңы Гванцаның ата-анасын келмей, полицейлер төрт күннен соң қызды босатуға мәжбүр болды.

Дегенмен, "Таро" қолға түсіп он жылға сотталып кетті. Әкесінің түрмеге түскені Ониани отбасына аса үлкен өзгеріс енгізбесе керек.


Гванца әлі де балқып-шалқып өмір сүруде. Ол түрлі шараларға қатысып, тек қымбат жерлерде қыдырады. Бойжеткеннің өмірі жөнінде оның әлеуметтік желілері арқылы аңғаруға болады.

Ол Монако мен Грецияда демалғанды қатты ұнатады. Сонымен қатар, Гванца бірінші деңгейлі адамдар қатысатын ауқымды шараларға жиі барып тұрады.

Көпшілік қылмыс серкесінің мінсіз мүсінді қызына тәнті болуда. Грузиялық тамырлары бар бойжеткен ерекше сұлулыққа ие болған.

Айта кетейік, биылғы жылы "Таро" Ониани жазасын өтеп, түрмеден босап шықпақ.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1747467-kylmys-lemini-hansajymy-turaly-ne-bilemiz/