Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүкті әйелге арналған ырым-тыйымдар мен белгілер қандай

Жарияланған күні:

Бұрындары жүкті әйелдерді суретке түсіруге қатаң тыйым салынғаны былай тұрсын, тіпті жұрт көзіне шығару да рұқсат етілмеген. Алайда, бүгінгі күні ол тыйымдар ұмыт болғандай. Аяғы ауыр әйелдер міндетті түрде арнайы фотосессия жасатып жатады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: livemint.com
Фото: livemint.com: UGC

Аяғы ауыр әйелдерге қатысты түрлі белгілер мен тыйымдар қай елде болса да жетіп артылады.

Осыған орай, ел арасында кеңінен таралғандарын оқырман назарына ұсынбақпыз.

  1. Егер жүкті әйел толып, салмақ жинай бастаса қыз бала туылады деген сөз.
  2. Іш көріне бастағанға дейін күйеуінен басқа ешкімге жүктілік жөнінде тіс жармау керек.
  3. Тік шыққан іш - ұл, жалпақтау формалы болса - қыз бала.
  4. Сәбидің алғашқы қозғалысы оң жақ белдің маңында орын алса, ұл туылады. Ал сол жақ бел болса, қыз бала дүниеге келмек.
  5. Егер жүкті әйелдің оң жақ төсі сол жаққа қарағанда үлкенірек болса, ұл туылмақ.
  6. Баланың атын туылғанға дейін жария етуге болмайды. Оған зияны тимек.
  7. Туылмаған балаға алдын ала киім дайындауға болмайды.
  8. Соңғы айларында әйел адамға мысыққа жақындамау керек. Сол кезде баланың жаулары аз болады.
  9. Екіқабат келіншектерге күміс не алтын алқа тақпаған жөн.
  10. Аяғы ауыр аруларға кіре берісте отыруға тыйым салынады.
  11. Екіқабат әйелдің қалауын үнемі орындау керек. Әйтпесе босану қиынға түспек.
  12. Әйел адам жаман нәрселер мен ұсқынсыз көріністерден аулақ болу керек. Әдемі заттарды көп қарайтын келіншектердің сәбилері де сұлу әрі бақытты болады деседі.
  13. Жүкті әйелдерге қолөнермен айналысуға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1748122-nresteni-zynysyn-kandaj-belgiler-bojynsa-anyktauga-bolady/