Екі балалы әйел өзін ең ұзын аяқты арумын деп жар салды
Жарияланған күні:
Аустралиядағы Мельбурн қаласының тұрғыны Кэролайн Артур өзін әлемдегі аяғы ең ұзын әйелге теңеді. Екі баланың анасы көпшілікті өзінің мінсіз мүсінімен тәнті етті. Кэролайнды көргендер оның 40 жаста екенін біогенде әрең дегенде сенген деп жазады bigpicture.eu сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Кэролайнның бойы 188 сантимерді құрайды. Оның 132 сантиметрі тек қана әйел адамның аяғына тиесілі болып шықты.
Екі баланың анасы өзін сенімді түрде әлемдегі ең ұзын аяқты ару деп санауға боларлықтай.
"Австаралия мен Америкада менікіндей ұзын аяқ ешкімде жоқ. Тіпті бүкіл әлемдеде жоқ шығар", - деп айтты Кэролайн.
"Достарым мен жақындарымның маған төменнен қарап тұратынына үйреніп те қалдым. Бал кезімнен бері киім таңдауда қиналғанымен, оған да көндім", - деп қоса кетті әйел.
Кэролайн 15 жасында модельдік мансабын бастап 30-ға толған шағында сән әлемімен қош айтысқан.
Бүгінде оның екі баласы бар. Кэролайнның жолдасы мамандығы бойынша құрылысшы болғаны оған елеулі түрде көмектескен. Ол ұзын бойлы сүйіктісі үшін арнайы биік үй құрастырып салған.
Ал 40 жастағы әйелдің енесі болса, оған арнайы киім-кешек тігумен айналысады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1748425-eki-balaly-jel-zin-e-zyn-aakty-arumyn-dep-zar-saldy/