Тоқал алған жігіттер мен бірнеше күйеуі бар әйелдерді білесіз бе?
Жарияланған күні:
Соңғы кездері бірнеше әйел алу немесе бірнеше күйеуге тұрмысқа шығып, бір отбасында бақытты өмір сүру сәнге айналып барады. Осы орайда тоқал болуға немесе екінші күйеу атануға қарсы болмаған отабсыларды NUR.KZ порталы anews.com сайтына сілтеме жасап назарға ұсынады.
Иван + Наталья + Анна
34 жастағы Александров қаласының тұрғыны Иван екі әйелімен бірге тұрып жатқанына 11 жыл болғанын айтуда.
Тағы үшінші әйел алған азамат оның көп ұзамай гаремінен қашып кеткенін алға тартты.
Үшінші әйелі Иванды өзіне соққыға жықты деп айыптағанымен, оның сөздері дәлелін таппаған.
Иван көп бала сүю үшін көп әйел алуға бел буғанын алға тартты.
Сарра-Мария + Вилле + Яни
32 жастағы финдік модель Сарра бір жыл бұрын 28 жастағы жігіт Яниді екінші күйеуі еткен.
Олар үшеуі бірігіп, тату-тәтті өмір сүруде.
Десе де Сарра күйеулері кей кездері қызғаныштан ұрысып қалып жататынын жоққа шығармады.
Коди + Мери + Джанелл + Кристин + Робин
49 жастағы жарнама агенті Коди Браун төрт әйелімен бірге тұрады.
Оның 18 баласы бар.
Коди төрт әйеліне де бірдей жылы лебіз танытпайтын болып шықты.
Ол бірінші әйеліне, тіпті көз қиығын да салмайды екен.
Десе де төрт әйелі де бұл жайтқа көндігіп, Кодимен бір шаңырақты бөліп отыр.
Мэри + Тим + Джон (+ Майкл + Джеймс)
Мэри екі күйеуімен бірге тұрады.
Одан бөлек екі көңілдесі барын да жасырмайды.
Төрт жігіт те бұл жайтқа еш қарсы еместігін айтуда.
Бойжеткен бір ғана күйеуі болғанын қанағат тұтпайтынын алға тартты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1748782-tokal-algan-zigitter-men-birnese-kjeui-bar-jelderdi-bilesiz-be/