Жынысы белгісіз адам таң қаларлық бейнесімен жұртты шошытты
Опубликовано:
Желіде таңқаларлық түрге ие адамдардың саны өте көп. Алайда олардың арасында қиял әлеміне беріліп кеткен Сальвияның бейнесі мүлде ерекше. Оқырмандар бұл қолданушыының еркек немесе әйел екенін де аңғара алмаған көрінеді. Бұл туралы 4tololo.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Солтүстік Уэльстегі кішкентай ғана ауылда тұрған Сальвия үнемі табиғат аясында болған.
Романтика мен қиял ұшқынын тудыратын ну ормандарына қарамастан, ол өзінің кім екенін бірден түсіне алмаған көрінеді.
Ол "Руполдың патшалық жарыстары" телешоуын көрген соң ғана өзінің жалғыздығын сезіне бастаған.
Сондай-ақ, Сальвия өз жынысына қатысты ыңғайсыздықты да осы сәтте түсініпті.
"Менде гендерлік дисфория мәселесі бар. Сол себепті, мен өз бет-әлпетімді өзгерткім келді. Адамдар осы кезде менің қандай жынысты екенімді аңғара алмайды" , -дейді Сальвия.
Гендерлік дисфория трансгендерлік стресс болып табылады. Бұл мәселеде адам өзінің жыныстық ахуалын қабылдай алмайтын көрінеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1749384-zynysy-belgisiz-adam-ta-kalarlyk-bejnesimen-zrtty-sosytty/