Украинада алғашқы "аяғы ауыр жігіт" пайда болды (фото)
Опубликовано:

Украинада Альбина және Александр Владимирович есімді ерлі-зайыптылар әлем назарына ілікті. Александр жүктіліктің ауыртпалығын түсіну үшін "аяғы ауыр алғашқы жігітке" айналуға бел буған. Бұл туралы Tasbaka сайты vlasti.net сайтына сілтеме жасап жазады.

Альбина балалы болуды қалайтын сүйіктісі Александрға жүкті болуға әзір еместігін алға тартады. Жас жігіт бойжеткеннің жүткіліктен не себепті қашып, қорқатынын түсінбей, сөзге келгендіктен Альбина оған оғаш ұсыныс жасаған.

Ол жігітіне алдымен өзі бір апта "жүкті бола тұруын" ұсынған. Яғни жігіті бір апта бойы жүкті әйел секілді болу үшін үстіне жасанды құрсақ жалғап жүруі тиіс.
Екі күн ғана жасанды құрсақты үстіне іліп жүрген Александр аяғы ауыр болу оңай еместігін әзірден мойындап отыр.

"Өтірік айтпайын, бұл расымен өте ауыр. Альбинаның қорқынышын түсінгендеймін. Десе де әке атануды қатты қалаймын", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1751343-ukrainada-algasky-aagy-auyr-zigit-pajda-boldy-foto/