Өзін-өзі атып өлтірмек болған жас жігіт құбыжыққа айналып кетті
Жарияланған күні:
Ақш азаматы 21 жасында өмірмен қош айтыспақ болып өзін атып жібереген. Алайда, оның жоспары іске аспай, сұлу жігіттен ол нағыз құбыжықтың өзіне айналып шыға келді. Ұзақ жылдар бойы адам шошырлық түрмен өмір сүрген Энди Сэднесс бүгінде ауыр ота жасатып, жаңа бет-әлпетке ие болды деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өмірінде орын алған жайттарға сәйкес өз-өзіне қол салуға бекінген жас жігіт аузына тапанша тығып атып жіберген. Алайда, Эндидің ойлағаны іске аспаған.
Адам қарауға шошырлық түрге ие болған ол үйінен шықпай қойды.


Адам баласын шошытып алуға қорыққан азаматқа көмек қолын Майо емханасы ғана созған. Олар 2006 жылдан бастап Эндиді өздері қарап, оқыс оқиғадан соң бір ай ішінде аса ауыр сегіз пластикалық ота жасап берген.


Дәрігерлер қолдан келгенннің бәрін істегенімен, Энди мұрын, ауыз бен жақсыз қалып қойды. Тартымды жігіттен құбыжыққа айналған ол 2012 жылы жақсы жаңалық естіген.

Майо емханасы оған қатысты бет-әлпетін ауыстыру отасын өз тәжірибесінде алғаш рет іске асырып көргісі келетінін айтқан.

Мұрнына протез киіп, тамақты ұсақтап жейтін Энди үшін бұл таптырмас мүмкіндік болған. Жоспарланған ота 2016 жылдың жаз айында орын алды.

56 сағатқа созылған операцияға 60-тан аса хирург мамандар қатысып, оны сәтті аяқтап шыққан.
Энди отадан кейін өзіне үш апта бойы қарамау керек болды. Алайда, уақыт өткен соң қол жеткізген нәтижені көрген ол өзін-өзі танымай қалған.


"Бұл маған берілген екінші мүмкіндік. Мен жаңадан өмір сүре бастадым. Иістерді сезе бастадым. Дәрігерлер болмағанда, үйден шықпайтын күйімде жүре берер ме едім" , - деп ағынан жарылды Энди.

Қаңтар айында ол тағы да бір отадан өтті. Мамандар оның көз маңайын тарттыру керек екенін айтып, құбыжыққа айналған жігітті тіптен адам танымас тартымды жігіт қылып жіберді.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1753684-zin-zi-atyp-ltirmek-bolgan-zas-zigit-kbyzykka-ajnalyp-ketti/