Өткен ғасырдың басында сұлулығымен әлемді жаулаған арулар кімдер?
Жарияланған күні:
Бүгінде нәзік жандылар сұлулық әлемін жаулап алған пластикалық отаның, екпенің, түрлі сұлулық әдістерінің арқасында өздерін хас сұлуға айналдырып жатыр. Алайда осыдан 100 жыл бұрын ешбір косметологияның көмегіне жүгінбей-ақ, бүгінде тарихта қалған аруларды бірі білсе бірі білмес. Ендеше ХХ ғасырдың басында ең ықпалды адамдарды өзіне ғашық еткен жандарды Fishki.net порталына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.
Айони Брайт

Бродвейлық актриса Айони Брайт туралы аса көп деректер жоқ. Ол сахнада 30 жыл өнер көрсеткен. Көбінде екінші пландағы актрисаның рөлін сомдаған. Есесіне оның сұлулығы туралы әлі күнге дейін айтылады.
Клод де Мерод

Көркіне көз тоймайтын франциялық бишіге кезінде бельгиялық король Леопольд ғашық болған. Бойжеткен Дега, Тулуз Лотрек, Климт сынды танымал суретшілердің де музасына айналған.
Каролина Отеро

Ресей патшасы Николай ІІ, неміс императоры ІІ Вильгельм, испан королі Альфонсо ХІІІ пен өзге де көптеген азаматтардың жүрегін жаулаған тағы бір франциялық биші қыз.
Рита Мартин

Рита - алғашқы фотограф әйелдердің бірі болған. Ол сонымен қатар әйелдердің құқығы үшін белсенді түрде күрескен.
Лили Элси

Британиядан шыққан сыпайы бойжеткен ХХ ғасырдың басында әлемдегі ең танымал әйелдердің бірі болды. Оған мұндай танымалдылығына ашық хаттардың сыртында бейнелеуі себепкер екен. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде барлық британдық сарбаздар оның әдемі бейнесіне ғашық болып, хаттарды сақтап қоятын болған.
Джин Эйлвин

Шотландық актриса әрі әнші. Ол 1910 жылдары тұманды Альбионның сахнасында өнер көрсеткен.
Мэри Пикфорд

Кезінде 200-ден аса картинада бой көрсеткен кино әлеменің хас сұлуы Мэри Пикфордты жұрт "ғажайып қуыршақ", "тентек қыз" деп атаған. Тіпті ол 1930 жылы ең үздік әйел рөлі үшін "Оскар" сыйлығын да алған.
Габриэла Рэй

Актриса, биші, әнші Габриэла ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында ең суретке шебер түсетін әйел болған. Тіпті фотографтар оны суртке түсіру үшін кезекке тұратын болған. Себебі ол ХХ ғасырдың нағыз моделіне айналған.
Румыния патшайымы Мария

Румыния королі Фердинандтың әйелі болған британдық ханшайым өзінің құызретіндегі адамдардың жүрегін жаулаған.
Агнес Эйрс

Агнес аз ғана картиналарда бой көрсетсе де, Чарли Чаплин, Рудольфо Валентино сынды актерлермен бірге рөлдер сомдаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1754152-tken-gasyrdy-basynda-slulygymen-lemdi-zaulagan-arular-kimder/