jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Адамдар тәуелді болып қалған 8 нәрсе қандай?

: UGC

70-80 жылдары "тәуелділік" сөзі тек ішімдік пен темекіге қатысты ғана айтылатын. Ал жаһандану дәуірінде тәуелділік мүлде басқаша. Осы орайда адамдардың неге тәуелді болатынын ғалымдар анықтап көрді деп жазады NUR.KZ.

www.anews.com
Көрнекі фото:anews.com: UGC

Смартфондар

Бүгінгі таңда ең көп таралған тәуелділік смартфондармен байланысты. Орта есеппен әрбір адам күнделікті үш сағатын смартфонына арнайды екен.

Шоппинг

Шылым шегу немесе ішімдік ішу сияқты шоппинг те адамдарға жақсы көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды, бірақ артынша өкініш сезімі пайда болады. Шоппингке тәуелді жандардың көбі алған заттарын тіпті пайдаланбайды да екен.

Пластикалық ота

ria.ru
Көрнекі фото:ria.ru: UGC

Косметикалық хирургия адамдарға өздеріне деген сенімдерін артыруға көмектеседі. Бірақ кейбір адамдардың армандары мен шындығындағы нәтижелері сәйкес келе бермейді. Жүз адамның үшеуі ойдан шығарылған кемшіліктерге байланып, психологиялық ауытқуларға душар екен. Бір рет ота жасатып, тоқтай алмайды. Өкініштісі, оталардың екі пайызы ғана бұл ауытқуды жеңуге көмектеседі екен.

Күнге күю

Жиі күнге күю қуаныш сезімін тудыратын эндорфиндердің бөлініп шығуына себеп болады. Алайда кейбір ғалымдар бұл тәуелділікке әкеліп соғады дейді. Сонымен қатар, күнге күюге деген құмарлық шылым шегу тәуелділігіне әкеп соғуы да мүмкін екен.

Әлеуметтік желі

Интернет барлық жерде бар. Сол интернетте өткізген уақыттың 28 пайызы әлеуметтік желіде отыруға жұмсалады. Жасөспірімдер арасында бұл көрсеткіш одан да жоғары.

Қант

for-skin.ru
Көрнекі фото:for-skin.ru: UGC

Өткізілген зерттеу бойынша қант миға кокаиннен де күшті әсер етеді екен. Тәтті заттардың алуан түрі болғандықтан, бұл тәуелділік әлем бойынша кең таралған.

Кофеин

Кофеин тәуелділік туғызып қана қоймайды, одан бас тартқан жағдайда адамда жүрек айну, шаршау, зейіннің төмендеуі сынды әсерлер пайда болуы мүмкін.

Мұрынға шашатын спрейлер

Кейбір спрейлерді ұзақ пайдалансаңыз, оған тәуелділік пайда болуы мүмкін.

Адамдар тәуелді болып қалған 8 нәрсе қандай?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.