Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектепте нашар оқыған оқушылар неге табысқа тез жетеді?

Опубликовано:

Мектеп қабырғасында жүргенде ата-анасы балаға оқуда үздік болу міндетін қояды. Олар мектеп оқушысына кітапта жазылғанды бойға сіңіріп, ұстаздың айтқанын екі етпеу қажеттігін үйретеді. Алайда "беске" оқу баланың болашағын жарқын етудің кепілі бола ала ма? Олай болса, неге нашар оқыған оқушылар табысқа тез жетіп, байлыққа оңай кенеледі? Бұл сұрақтарға 999stories.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: 999stories.com
Көрнекі фото: 999stories.com: UGC

Мамандар мектепте үздік оқыған оқушылар мен нашар үлгерім көрсеткен оқушылардың басты айырмашылықтарын көрсетті.

Көрнекі фото: 999stories.com
Көрнекі фото: 999stories.com: UGC

1. Үздік оқушылар теорияны, ал нашар оқығандар тәжірибені жақсы көреді

Мектепті "үшке" оқыған балалар теориялық материалды оқуды қажет деп білмейді. Олар тек қана мақсат қойып, ештеңеге қарамастан соған жетуді көздейді.

Көрнекі фото: 999stories.com
Көрнекі фото: 999stories.com: UGC

2. Жақсы оқыған оқушылар барлығын дұрыс істеп үйреніп қалады

"Беске" оқыған адамға төмен баға алу үлкен бір күнәға батқандай әсер қалдырады. Ал нашар көрсеткіш көрсеткен оқушы бұл нәрсеге бас қатырмайды, себебі ол әрдайым екінші мүмкіндіктің бар екенін, сол кезде бәрі жақсы боларына сенеді.

Көрнекі фото: 999stories.com
Көрнекі фото: 999stories.com: UGC

3. Үздік оқыған оқушылар тәуекелге барудан қорқады

Үздік оқыған оқушылар өмірде ештеңеден қорықпаймын деп ойлайды. Олар кітаптағы сұраққа дұрыс жауап берсе, жақсы баға алатынын біледі. Алайда өмірде көрсетілген тапсырмаларды орындайтын кітап жоқ. Сол себепті, адам барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, тәуекелге баруы қажет. Осындай кезеңдерде үздік оқушылар өздігінен шешім қабылдай алмай қалса, "үшке" оқығандар ойланбастан әрекет ете алады.

Көрнекі фото: 999stories.com
Көрнекі фото: 999stories.com: UGC

4. Нашар оқыған оқушылар көппен тез тіл табысып кетеді

Үлгерімі жақсы балалар өз білімдеріне сенеді. Олар барлық тапсырманы өздері, ешкімнің көмегінсіз-ақ орындайтынын біледі. Ал үлгерімі төмен оқушылар көп нәрсе білмейтінін түсініп, білетін адамдармен тіл табысып алуды әдетке айналдырады. Тіпті, олар мектепте ұстаздармен келісімге келіп, сыныптастарының бәрімен достасып жатады.

Көрнекі фото: 999stories.com
Көрнекі фото: 999stories.com: UGC

5. "Үшке" оқығандар жеңіл жолмен жүруге тырысады

Оларға кітаптағы кеңестер қажет емес. Нашар оқыған оқушылар тек өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйенеді. Сондықтан, олар өте қарапайым және ерекше жеңіл жолдар тауып алады. Бұл олардың өмірде жетістікке жетуіне оң әсерін тигізеді.

Көрнекі фото: 999stories.com
Көрнекі фото: 999stories.com: UGC

6. Жақсы оқымайтын балалар көп армандайды

"Беске" оқитындар ұстаздың әр сөзін тыңдап, ойланып отырғанда, "үшке" оқығандар болашақ туралы көп армандайды. Олар келешектерін елестетіп, өзіне не ұнайтынын, қандай іспен айналысатынын жоспарлап отырады. Осылайша, нашар оқитын балалар өздерін тез танып, үлкен өмірде дұрыс қадам жасайтын болады.

Көрнекі фото: 999stories.com
Көрнекі фото: 999stories.com: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1758224-mektepte-nasar-okygan-okusylar-nege-tabyska-tez-zetedi/

pixel