44 жасында 18 жастағы қыздай көрінетін актриса кім?

Опубликовано:

Жақында ғана 44 жасқа толған Тайвань актрисасы Алисса Чиа өзінің неліктен жас көрінетінін айтты. Ол өзінің кеңестерімен Daily Mail басылымында бөлісті деп жазады Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: popstar222.blogspot.com
Фото: popstar222.blogspot.com: UGC

Чиа туған күнін 35 жастағы күйеуімен және 13, үш және бір жастағы үш қызымен тойлаған.

Фото: popstar222.blogspot.com
Фото: popstar222.blogspot.com: UGC
"Туған күн-барлық әйелдердің жақсы көретін әрі жек көретін күні", - деп жазды актриса Weibo парақшасында.

Алиссаның әлі күнге дейін жас екеніне таң қалған желі қолданушылары оның жасы 44-те емес, 18- де сияқты екенін айтқан.

Фото: ru.fanpop.com
Фото: ru.fanpop.com: UGC

Актрисаның айтуынша, оның жас көрінуіне спиртті ішімдіктер мен түнде тамақтануды қойғаны әсер еткен.

Фото: moviebot.ru
Фото: moviebot.ru: UGC

Чиа майлы әрі ащы тағамдарды жемеуге тырысатынын, ұялы телефонын ұйықтар алдында екі сағат бұрын өшіріп қоятынын айтқан.

Фото: popstar222.blogspot.com
Фото: popstar222.blogspot.com: UGC

Сондай-ақ, ару аптасына кем дегенде екі рет спортпен айналысып, жылы су ішетінін жеткізген.

Фото: mm52.net
Фото: mm52.net: UGC
"Ең бастысы, өзіңізге уақыт бөле алу. Бетіңізге массаж жасауды немесе уақытында демалуды ұмытпаңыз", - деді ол.
Фото: popstar222.blogspot.com
Фото: popstar222.blogspot.com: UGC

Чиа Қытай мен Оңтүстік-шығыс Азияда өте танымал. 16 жасынан бастап ол жарнамалық роликтер мен Тайвань, Қытай сериалдарына түскен. Одан бөлек, актриса ән айтып, телебағдарламалар жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1759247-44-zasynda-18-zastagy-kyzdaj-krinetin-aktrisa-kim/