Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдызнама бойынша көзге шөп салуға бейім келетін кімдер?

Опубликовано:

Адалдық өте құнды қасиет, бірақ кейбір адамдар опасыздық жасауға бейім келеді. Назарларыңызға көзге шөп салуға бейім келетін зодиак белгілерін Cosmo сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

pravda.ru
Көрнекі фото: pravda.ru: UGC

Мерген (22 қараша -21 желтоқсан)

Садақ пен жебе ұстаған бұл зодиак белгісі жүрек жаралаудан хас шебері. Кейде олар көзге шөп салу арқылы адреналиндерін шығарады. Олардың бойында еркіндік рухы басым, сондықтан олар қалағандарын істейді. Бұл зодиак белгісі жаңашылдықты жақсы көреді, жаңа нәрсені ашқанды ұнатады, әсіресе сексуалды өмірінде. Мергендер опасыздықты айырылысу тәсілі ретінде қолданады. Бірақ олар ешқашан сізді ренжіту мақсатымен көзіңізге шөп салмайды.

Суқұйғыш (20 қаңтар - 18 ақпан)

Мерген сияқты суқұйғыш та "күрделі" қарым-қатынасты жақсы көреді. Оларға тыныштық емес, сезім толқындары қажет. Алайда, оларға жұптарының махаббаты мен қамқорлығы да маңызды. Бұл зодиак белгісінің басым көпшілі ұзақ уақытқа дейін үйленбей жүреді. Суқұйғышты жұмбақтылық, тәкәппарлық және қол жетімсіздік арқылы арбауға болады.

Егіздер (21 мамыр -20 маусым)

Егіздермен кездесіп жүрген болсаңыз, олардың бойындағы екіжүзділікті байқаған боларсыз. Олар тамаша манипуляторлар, бір мезетте бірнеше адаммен кездесе алады. Олар үнемі құбылып отырады, бір жақтан екінші жаққа ауып кетеді. Кейде егіздер бірнеше некеден кейін алғашқы некесіне қайтып оралып жатады. Олардың адалдығына ие болу үшін әрдайым оның көңілін аулап жүру керек. Егіздер барлық нәрсені бірден байқайды.

Арыстан (23 шілде - 22 тамыз)

Өздерін жақсы көретін арыстандар басқалардың оны жақсы көргендерін қалайды. Өзін ең үздік санап, мақтау айтқандарды жақсы көреді. Табиғатынан перфекционист келетін арыстандар өздеріне лайық жұп іздейді. Оның махаббатына ие болу үшін мақтау сөздерді аямау керек.

Балықтар (19 ақпан -20 наурыз)

Балықтар пәк көрінгенмен көзге шөп салудың шеберлері екен. Себебі сіз оның көзіңізге шөп салғанын білмейсіз. Олар іздерін жақсы жасыра алады. Балықтар қиялшыл белгі, сондықтан талаптары да жоғары. Егер жұбы оның талабына сай келмесе, ол бірден басқа адамды таңдайды. Одан айырылып қалмас үшін балық белгісіндегі жандардың армандарын орындауға тырысу керек.

Тоқты (21 наурыз - 19 сәуір)

Егер жұбыңыз тоқты болса, тосынсыйларға дайын болыңыз. Олардың бәрі көңіліңізден шыға қоймас. Ол жалықтыратын өмірді, ешқайда апармайтын қарым-қатынасты ұнатпайды. Оның қырсықтығын тек өзгерістермен жеңуге болады. Бәлкім, сексуалды өміріңізге жаңашылдық енгізу керек шығар?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1763264-zldyznama-bojynsa-kzge-sp-saluga-bejim-keletin-kimder/

pixel