Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алғашқы неке түні үшінші әлем елдерінде қалай өтетінін білесіз бе?

Опубликовано:

"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" демекші әлемде неке тойына қатысты небір дәстүрлер бар. Мысалы, шотландықтар қалыңдықтың бетіне батпақ жақса, Кореяда күйеу жігіттің табанын балықпен ұрады екен. Бірақ үшінші әлем елдерінің алғашқы неке түніндегі салттары ешкімді бейжай қалдырмайды деп жазады bigpicture сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:The Richest
Фото: The Richest: Twitter

1. Кеңесшілер тобы

humor.fm
Фото:humor.fm: Facebook

Бербер тайпаларында жас жұбайлар тойдан кейін оңаша қалмайды. Алғашқы неке түні жастардың бөлмесіне бұрын үйленген бірнеше жұп кіреді. Тәжірибелі ерлі-зайыптылар кеңестер беріп, ұяңдықтан арылуға көмектеседі. Осындай шара бес күн бойы жалғасады екен.

2. Төсек астындағы жеңгетай

bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Instagram

Суахили тілінде сөйлейтін Руанда, Кения және басқа елдерде де жас жұбайлар оңаша қалмайды. Жыныстық қатынастың қыр-сырларын бірден түсінулері үшін төсектің астына қалыңдықтың туысы жатады. Ол әртүрлі кеңестер беріп, таңертең түннің қалай өткенін басқаларға баяндап береді екен.

3. Тосыннан жасалған сый

Фото:bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Шона тайпасында неке түні тойға дейін өткізіледі және оның қашан болатынын күйеу жігіт білмейді. Сөз байласудан кейін қалыңдық туыстарымен кез келген күні күйеу жігіттің үйіне баруы мүмкін. Жігіттің туыстары қонақтардың келе жатқанын дер кезінде біліп, оларды қуанышты бимен қарсы алуға тиіс. Осылайша, жігіт пен отбасының күтпеген қиындықтарды қалай шешетіні тексеріледі. Бәрі сәтті өтсе, қалыңдың қонуға қалады.

4. Ауыздандырушы әпке

Фото:bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Уганданың солтүстік-батысында тұратын баньяколе тайпасында неке қиюда қалыңдықтың әпкесінің маңызы ерекше. Ер жігіттің еркектік қауқарын анықтау үшін қалыңдықтың әпкесі күйеу жігітпен түн өткізеді. Неке түнінде де сол әпке жас жұбайлардың қасында болады.

5. Танымайтын еркекпен өткізген түн

Фото:bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Танзанияда қалыңдық той салтанатына мүлде қатыспайды. Бәрі көңіл көтеріп жатқанда, ол әдемі киініп, күйеуінің үйінде жұбайын күтеді. Жас жұбайлар алғашқы неке түні танысады.

6. Әзіл кеші

Фото:bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Ливия мұсылмандарының үйлену тойы бес күнге созылады. Алғашқы үш күнді жас жұбайлар бөлек өткізеді. Төртінші күні қалыңдық сауықкеш ұйымдастырып, күйеу жігіт пен жолдастарын шақырылады.Кеш бойы жігіттің достары қатты шулап, неке түніне қатысты әзілдер айтуға міндетті. Жастар жатын бөлмелеріне кетіп, оңаша қалғанда да, жолдастары әзілдерін тоқтатпай айта береді.

7. Шашсыз қалыңдық

Фото:bigpicture.ru
Фото:bigpicture.ru: Facebook

Судандық нуэр тайпасында үйлену тойынан кейін қалыңдықты күйеу жігіттің ауылына апарады. Сол жерде оның шашын қырып, содан кейін барып оны күйеу жігіттің жанына апарады. Бұл салттың мағынасы түсініксіз, бірақ қалыңдық шашы болса, оған заңды күйеуінің жанына жатуға рұқсат етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1766533-algasky-neke-tni-sinsi-lem-elderinde-kalaj-tetinin-bilesiz-be/

pixel