Кеуделерін ота жолымен кішірейткен жұлдыздар кімдер?
Жарияланған күні:
Әлемде өзінің түр-әлпетіне риза әйел жоқ десе де болады. Әрбір әйел бойындағы бір нәрсені өзгерткісі келеді. Әлемде кеудені үлкейту оталары ең көп жасалады екен. Алайда bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ кеуделерін кішірейткен жұлдыздарды назарларыңызға ұсынады.

1. Дрю Бэрримор

20 жасында актриса үшінші мөлшерден бірінші мөлшерге ауысқан.
2. Памела Андерсон

90-шы жылдардың жұлдызы болған актрисаның кеудесіне неше рет ота жасатқанын есептеуден журналистердің өздері жаңылысып қалды. 1999 жылы үлкен кеудесінен шаршаған актриса ота жасатып, кеуде мөлшерін кішірейткен.
3. Николь Кидман

Танымал актриса кеудесін үлкейтетін ота жасатып, ашық көйлектер киюді әдетке айналдырған болатын. Алайда бірнеше жылдан кейін Николь Кидман бұрынғы кейпіне қайта оралған,. Актриса омыраудағы бөтен дененің улы заттар бөлетінін естіп, оны алып тастауды ұйғарыпты.
4. Виктория Бекхэм

Әнші жастық шағында екі рет кеудесін үлкейтетін ота жасатқан, алайда 2009 жылы төртінші мөлшерден кіші мөлшерге ауысқан. Ал төртінші ұлын босанғаннан кейін импланттарды мүлде алғызып тастаған.
5. Дженнифер Конелли

"Оскар" жүлдесінің иесі Дженнифер Коннели де кеудесін кішірейткен. Не себепті екені белгісіз. Оның бұрынғы кеудесі жалған, не шынайы болғанына қатысты да ақпарат жоқ.
6. Кристина Риччи

"Семейка Аддамс" комедиясының жұлдызы Кристина 90-шы жылдарда кеудесін кішірейткен. Аласа бойлы актрисаның үлкен кеудесі денесімен үлеспегендіктен ол осындай қадамға барған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1766577-keudelerin-ota-zolymen-kisirejtken-zldyzdar-kimder/