Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еденге отырған балалы әйелді полиция далаға сүйреп шығарды

Опубликовано:

Нью-Йоркте полиция қызметкерлері әлеуметтік орталықта еденге отырған ананы баласымен бірге күштеп далаға алып шыққан. Оқиғаның видеосы facebook желісінде куәгерлердің бірі жариялаған. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Depositphotos

Оқиға Нью-Йорк қаласындағы халыққа мемлекеттік көмек көрсетуге арыз қабылдайтын Human Resources Administration мекемесінде болған.

Джазмин Хэдди баласымен ғимаратта төрт сағат бойы кезегін күткен. Шаршап кеткендіктен әйел адам еденге отырған. Күзетші келіп, одан тұруын өтінген, бірақ басқа орын болмағандықтан, Хэдди бас тартқан.

Көп ұзамай ғимаратқа полиция қызметкерлері келіп, әйел адамды және баласын күштеп далаға алып шыққан.

Нью-Йорк полициясының полиция департаменті бұл видеоны "уайымдататын" деп атаған. Қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1767898-edenge-otyrgan-balaly-jeldi-policia-dalaga-sjrep-sygardy/

pixel