Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамға қандай уақытта тоқал алуға рұқсат

Опубликовано:

Ер адамға қандай уақытта тоқал алуға рұқсат
Ер адамға қандай уақытта тоқал алуға рұқсат: aif.ru

Қазақ қоғамында тоқал алу тақырыбы күні бүгінге дейін өзекті. Тоқалдықты кейбіреулер "еріккеннің ермегі" десе, енді бірі атадан қалған дәстүр деп санайды. Осы орайда KAZ.NUR.KZ өзге басылымдарда аталған тақырыпта жарық көрген қызықты деректерді назарларыңызға ұсынады.

Ernur.kz порталы тоқалдыққа қатысты мынадай деректерді келтіреді:

Тоқал алуға ниеті бар ер азамат үшін екінші әйелді қай кезде жар ете алатындығына жеке тоқтала кетейік.

  • Біріншіден, үйленіп ұрпағын көбейту мақсатында.

Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у): "Үйленіңдер және көбейіңдер, Қиямет күні үмметімнің көптігімен мақтанамын", - деген хадисі бар.

Бұл ұрпақ көбейту мақсатымен көп әйел ала беру деген мағынаны білдірмейді. Шариғаттағы "неке" шарттарын орындағанда ғана, екінші әйелді алуға рұқсат етілген.

  • Екіншіден, тоқал алуға бірінші әйелі келісімін берген уақытта.

Шариғат бойынша, бірінші әйелінің келісімінсіз тоқал алуға рұқсат берілмейді. Бұл адамгершілік тарапынан да орындалуға тиіс қағида.

  • Үшіншіден, еркек әділетті болған жағдайда. Бұл дегенің еркек жар еткен әйелдеріне бірдей көзқараспен қарау дегенді білдіреді. Әрқайсысын бөліп жаруға шариғат келіспейді. Тепе-теңдік ұстау өте маңызды.

Бул туралы қасиетті Құранда "Егер әділетсіздік жасап қоюдан қорықсаңдар, біреумен шектеліңдер" делінген (muftyat.kz).

  • Төртіншіден, екінші әйел болуға оның ата-анасы келісімін бергенде.

Қыздың ата-анасының рұқсатынсыз қиылған неке – маукуф деп аталады. Яғни, ата-анасы келіспегенше, толыққанды ерлі-зайыпты атана алмайды деген сөз.

  • Бесіншіден, жетімге қамқор, жесірге пана болу ниеті болғанда.

"Ата бабаларымыз үш-төрт әйел" деген әңгімені жиі құлағымыз шалады. Бірақ көбі неге көп әйел алған дегеннің түбіне тереңірек үңіле бермейтіні рас. Қазақта әмеңгерлік деген салт болған. Баланы басқа жұртқа жібермеу мақсатында ері қайтқан әйелді қайын інісіне (жолдасының бауырына) некелеп қосқан. Әмеңгерлік салтынан жесірге пана, жетімге қамқор болу астарын байқауға болады.

  • Алтыншыдан, бірінші әйелі "екінші әйел ал" деген ұсыныс тастағанда.

Ондай әйелдер бар. Қоғамда кейбір әйелдің денсаулығы, енді бірінің ұрпақ көбейтуге мүмкіндігі болмайтын жағдайлар кездесіп жатады. Сондай уақытта жары ерінің артынан тұяқ қалсын деген ниетпен екінші әйел алу туралы ұсынысын білдірген.

Сол сияқты kazislam.kz сайты ұсынған мәліметке сәйкес, қазақ халқы көп әйел алуға көптеген азамат соғысқа аттанып, майданда мыңдаған ер-адам қайтыс болған жағдайда рұқсат берген. Яғни басты мақсат – жетім-жесірлерді жылатпай, ұрпақты сақтап қалу болған.

Жалпы исламда екінші әйел алудың негізгі мәні – көмекке мұқтаж әйелді қамқорлыққа алып, оның балаларын жетім қалдырмау болып табылады. Сол себепті кез келген ер адам тоқал алмастан бұрын, оның барлық жауапкершілігін сезініп, бәйбішесінің алдындағы барлық міндетті орындай алатынына, әйелдері мен балаларына тең қарап, олардың жағдайын теңдей жасай алатынына сенімді болуға тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1768723-er-adamga-kandaj-uakytta-tokal-aluga-rksat/

pixel