Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

28 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін бітпеген шаруаларды аяқтап, сауда жасап, іскерлік кездесу ұйымдастыру үшін таптырмайтын күн. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 28-ші желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

ostrnum.com
Көрнекі фото:ostrnum.com: Facebook

1. Тоқты

Бүгін бірден маңызды шаруаларды аяқтауға кіріскен жөн, себебі көңіліңізді бөлетін көптеген жайттар болады. Сондықтан алдыңызға мақсат қойып, соған қол жеткізуге тырысыңыз.

2. Торпақ

Бүгін жақын адамыңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Мұндай олқылыққа жол бермес үшін күні бойы тек өз шаруаларыңызбен айналысқан жөн.

3. Егіздер

Бүгін адамдармен сөйлескенде абай болыңыз. Біреуге кеңес беріп, ақыл үйретемін деп өз мәртебеңізді түсіріп алуыңыз мүмкін.

4. Шаян

Бүгін адамдармен араласып, белсенділік танытып, бір орында отырмау керек. Сол кезде мақсатыңызға қол жеткізесіз. Бітпей қалған істерді аяқтаған күннің өзінде оларды жылдам, әрі сапалы істеу керек. Ұсақ-түйек істерге көңіл бөлмеңіз.

5. Арыстан

Бүгін алдыңызға қандай да бір жоспар құрсаңыз, оны дереу орындау керек. Сонда жақсы нәтижелерге қол жеткізесіз.

6. Бикеш

Бүгін сіз тік мінезділік танытып, ішкі тұжырымдарыңызды сыртқа шығарасыз. Бірақ шындықты айтамын деп жақындарыңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін, сондықтан дөрекілікке жол бермеңіз. Егер бұл қолыңыздан келмесе, бойыңызды адамдардан аулақ ұстаған абзал.

7. Таразы

Бүгін өзіңіз тәуелді адамдардан алыс жүрген дұрыс, әсіресе басшыңыздан. Себебі қараптан-қарап сөз естіп қалуыңыз ғажап емес.

8. Сарышаян

Бүгін өзіңіздің мүддеңізді қорғауға тура келеді. Егер біреулер сізге қатысты жөнсіз сын айтса, үндемей тыңдаудың қажеті жоқ. Өзіңізді ренжіткен адамды бірден орнына қойыңыз.

9. Мерген

Бүгін еңбекқор, белсенді адамдар үшін қолайлы күн екенін ұмытпаңыз. Сондықтан диванда жатып, теледидар көруді кешкіге қалдырыңыз. Бітпеген шаруаларды аяқтап, жылды қорытындылау үшін қолайлы күн.

10. Тауешкі

Бүгін жоспар құрмай әрекет етіңіз. Көптен бері істей алмай жүрген шаруаларды жасайтын кез туды. Ең бастысы тездетіңіз. Егер қандай да бір шаруалар болмаса, жылды қорытындылауға болады.

11. Суқұйғыш

Бәсекелестік немесе жақын адамдардың мүдделері сөз болғанда сізбен тіл табысу қиынға соғады. Жақындарыңызды қорғауға әрқашан дайын екеніңіз сөзсіз, бірақ мәселені келіссөздер арқылы да шешуге болатынын ұмытпаңыз.

12. Балықтар

Бүгін қажеттіліктеріңіз жайлы ашық айтуыңыз керек. Айналшақтап жүру арқылы еш мәселе шешілмейтінін ұмытпаңыз. Бір нәрсе мазаласа, бірден айтыңыз, сонда өзіңіз де, қасыңыздағы адам да қиналмайды. Шындықты дұрыстап айта білсеңіз, ешкім ренжімейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1770706-28-zeltoksanga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel